ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

13:05, 11 қараша 2019

Өткен демалыс күндері Петропавлда тұңғыш рет шағын футболдан жеке футбол мектептерінің біріншілігі ұйымдастырылды. Екі күндік дода А.Винокуров спорт сарайында өтті. Жарысқа 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Барлығы- 7 команда ойнады.

Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен облыс орталығында тұңғыш рет жеке футбол мектептерінің арасында шағын футболдан екі күндік  жарыс ұйымдастырылды. Командалар айналмалы жүйе бойынша сынға түсті.

ЖЕҢІС АСАНОВ, СҚО ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жарыс ең алдымен балалар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Осы турнирдің арқасында жас спортшылар тәжірибе жинайды. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше аталмыш дода келешекте республикалық деңгейде де өтуі мүмкін. «Қызыл-жар СҚ 2010» футбол орталығының тәрбиеленушісі Ағзам Нағажыбай бұл спорт түрімен үш жыл бойы шұғылданып жүр. Жас аяқдопшы кәсіби футболшы болуды армандайды.

АҒЗАМ НАҒАШЫБАЙ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Жарыс қиын болды. Мен футболмен 2016 жылдан бері айналысып келемін. Біздің құрама үшінші орыннан көрінді. Қарсыластар мықты дайындықпен келген. Біз де жүлдегерлер қатарынан көріну үшін барымызды салдық. 

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға медаль кубок және спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға сертификат берілді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
18:02, 13 желтоқсан 2019
ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
Толығырақ...
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:05, 9 желтоқсан 2019
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...