ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ШАХМАТТЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ

18:09, 21 қаңтар 2020

Қаңтардың 5 мен 18-і аралығында  Алматы қаласында   шахматтан балалардың республикалық  чемпионаты өтті. Оған Петропавлдың «Алтын бесік» балабақшасының 7 тәрбиеленушісі  қатысты. Сайыс  6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында ұйымдастырылғанымен, 5 жасар жерлес спортшылар намысты қолдан бермей, жақсы нәтиже көрсетті.  

Шахмат - адамның логикалық ой өрісін дамытатын,  зеректілікке үйрететін зияткерлік ойын. «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушілеріне  бұл ойын 4 жастан үйретіледі.  Жақында олар Алматы қаласында шахмат спортынан өткен Республикалық Чемпионатта облыстың намысын қорғап келді.

ТАЛҒАТ БЕКЖАНОВ, «АЛТЫН БЕСІК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ШАХМАТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Қазақстан бойынша әр облыста  жүлделі орынға ие болған мықты балалар жиналды. Ойын өте тартымды болды. Швейцариялық система бойынша 9 тур болды. Біздің балалар бірінші оңдыққа кірді. 

Бұлақ көрсең көзін аш демекші, балабақша тәрбиешілері  балалардың қабілетін ескеріп, оларды жан жақты дамытуға тырысады.  Нәтижесіз де емес. Шахматтан өткен ел чемпионатында республиканың күміс жүлде иегерін 5 жасар Айым Байтимирова жеңді.

АЗАМАТ БАЙТИМИРОВ, АЙЫМНЫҢ ӘКЕСІ:

- Отбасымызда шахматты кәсіби түрде ойнайтындар жоқ.  Қызымыздың бұл спорт түріне қабілеті бар екендігін осында келіп білдік. Сол үшін тәрбиешілерге алғысымыз шексіз. Республикалық маңызы бар додаға қатысып, өзін жақсы көрсеткені - біз үшін үлкен мақтаныш. 

Биыл «Алтын бесік» балабақшасы шахматтан республикалық  чемпионатқа екінші рет қатысты.  Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған жарыста балалар  блиц пен рапидте өнер көрсетті. Нәтижесінде  Айым Байтимирова  4-ші орынды иеленсе,  Қасым Марлен 40 қарсыласының арасынан 8-ші болды. 

ӘНУАР СОЦИАЛ, «АЛТЫН БЕСІК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

  - Мен ваще хитрюгамын. Дибюттан сразу мат қоямын... 4 рет выйграл. 

АЙЫМ БАЙТИМИРОВА, «АЛТЫН БЕСІК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

- Мен Алматы қаласындағы чемпионатқа барып келдім. Қатысқан балалар көп болды. Әуелі қобалжыдым, кейін 9 партияның 7-уінде ұттым.

Оған қоса, жас шахматшылар шеберліктерін ересектермен ойнап, ШЫҢДАЙДЫ. Жуырда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бүлдіршіндермен шахмат ойнады. Кейбіреулері 5-6 жасар қарсыластарынан ұтылып та жатты.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР СК» ФК ЖАҢА МАУСЫМДЫ СӘТСІЗ БАСТАДЫ
13:03, 10 наурыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР СК» ФК ЖАҢА МАУСЫМДЫ СӘТСІЗ БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...