ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

13:17, 9 қыркүйек 2019

А.Винокуров спорт сарайында ел чемпионатының бірінші туры өтті.  Жергілікті «Құлагер» хоккей клубы өз мұз айданында «Горняк» құрамасын қабылдап, алғашқы кездесуде қарсылас командадан 1-5 есебімен жеңіліп қалды. Ал, қарымта ойында есе қайтарды.

- Я хочу поздравить города Петропавловска с открытием хоккейнего сезона.  Долго ждали. Целое лето.

Иә, жаңа маусымды солтүстікқазақстандықтар тағатсыздана күтті. Алайда, жерлес имек таяқ шеберлері алғашқы кездесуде жергілікті жанкүйерлерді  қуанта алмады. Бірінші кезеңнен бастап, қонақтар ойынның көрігін қыздырып, қатарынан 4 шайба соқты. Ал, құлагерліктер болса, тек кезеңнің соңына қарай, бір шайба салды. 

Екінші кезең де біздің қақпаға шайба салудан басталды. Жерлестеріміз қанша тырысқанымен қарсылас құраманың қорғаушыларын бұзып өте алмады. Жанкүйерлердің сөзінше, жеңіс «Рудный» командасының пайдасына шешілмек.

СЕРГЕЙ ТЮКАНЬКО, «ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАНКҮЙЕРІ:
- Қақпашымыз Андрей Янков жаңа ғана жарақатынан айықты. Содан болар, ол өзін жақсы қырынан таныта алмай жатыр. Бүгін «Рудный» командасы жеңіске жетеді.

Үшінші кезеңде де қонақтар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Сонымен, қорытынды есеп 1-5.

АЛЕКСАНДР ПИМАНКИН, «ГОРНЯК» ХК ҚАҚПАШЫСЫ:
- Ойын қиынға соқты. «Құлагер» командасы мықты ұжым. Біз олармен бұған дейін де жолдастық кездесулер өткізген болатынбыз. Оларға алдағы уақытта сәттілік тілеймін. 

Ал, жарыстың екінші күні «Құлагер» хоккей клубы естерін жиып, 4-3 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі таңда жергілікті құрама 2 ұпаймен турнирлік кестеде 8 орында тұр. Келесі ойынды жерлестеріміз қыркүйектің 10-ы мен 11-і күндері өз мұз айданында  атыраулық «Бейбарыс» клубымен өткізеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар