ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

17:55, 13 мамыр 2019

Петропавлда шинкиокушинкай каратэден  4-ші халықаралық  турнир өтті. Сайысқа тек Қазақстанның ғана емес Ресей мемлекетінің Омбы, Түмен, Ишим қаласынан келген 210 спортшы қатысты. 6-15 жас аралығындағы спортшылардың татамидегі кездесуі туралы арна тілшілері тарқатсын.

Аталмыш халықаралық сайыс Қызылжар өңірінде осымен 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысушы спортшылар саны жыл санап артып келеді. 6-15 жас аралығындағы каратешілердің арасында бірнеше дүркін чемпиондар да бар.

РУСЛАН СӘРСЕНБАЕВ, СҚО ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- СҚО спорт деңгейін, спортшыларын, Елбасы айтқандай жасөспірімдерді спортқа тарту басты мақсат. СҚО шинкиокушинкай каратэ өте жақсы дамыған....

Додаға қатысуға  келген 210 спортшы бақтары мен баптарын сынады. Тек қана Қазақ елінің ғана емес, Ресей мемлекетінің Омбы, Түмен, Ишим қалаларынан келген спортшыларда жеңістен дәмелі. Солардың бірі - 8 жасар Айбат Балтабек. Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғап келген. Көршілес мемлекеттің спортшысымен кездескен ол қарсыласына есе жібермеді.

АЙБАТ БАЛТАБЕК, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, НҰР-СҰЛТАН Қ.:

- Маған каратэ өте ұнайды. Егер сен спортпен айналыспасаң мықты болмайсың. Менің қазір жасым 8де мен 1 жарым жылдан бері айналысамын.

Сайыс нәтижесі бойынша  үздік деп танылған спортшылар арнайы кубоктармен марапатталды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
17:57, 20 мамыр 2019
СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...