ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20:49, 14 қыркүйек 2020

Қызылжар ауданындағы ТЕпличное ауылында спорт кешені ашылды. Бұл осы  ауылды округте қолданысқа берілген алғашқы спорт  алаңы. Оны облыс әкімдігі «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында  18 млн теңгеге салғызған. Сондай-ақ бұл елді мекенде  биыл жолдарға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  асфальт төселді. Рет-ретімен әріптесім айтсын.

Футбол алаңы күшті. Маған ұнайды. Енді достарыммен мұнда ойнауға барамыз. Мен бұл футбол алаңына барып, өзімді жарыстарға дайындаймын. Бізге бұл спорт кешені өте қатты ұнайды. Себебі, бұрын біз футбол,волейбол ойнау үшін, қалаға немесе басқа ауылдарға баратынбыз. Енді, өзімізде осындай бар жағдай жасалған спорт алаңы бар. Өте қуаныштымыз. 

Бұл Тепличное ауылының  әуесқой спортшылары. Олар Жаңа спорт кешенінің ашылғанына қуанышты. Себебі, ауыл іргесі қаланғаннан бастап мұнда волейбол, футбол, баскетбол және балалар алаңдары алғаш рет салынып отыр.   Бұл спорт кешені  «Еңбекпен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында  бой көтерген.                                                                                                                                                                                 

АНАРА ВОЛКОВА, ПРИБРЕЖНЫЙ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ М.А.:

- Бүгін ауылымызда спорт алаңдары ашылып отыр. Кез-келген тұрғын келіп, спортпен айналысып немесе балаларын алаңқайда ойната алады. Бұл нысанға «Строй сервис» ЖШС жауапты болды. Құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталып, міне қыркүйекте жоспар бойынша аяқталды.

Типличное ауылында қазігі уақытта 1500ға жуық адам тұрады. Және олардың көбі спортқа жақын. Тіпті ,ардагерлері де белсенді түрде түрлі облыстық, қалалық  спорттық сайыстарға қатысады. Мәселен, 68 жастағы Зейнеп Таныбаева ардагерлер арасында шахматтан облыс чемпионы. Тек балаларымды емес, немерелерімді де спортқа баулып өсірудемін дейді ол. Бүгін зейнеткер Қызылжар ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ЗЕЙНЕП ТАНЫБАЕВА, ТЕПЛИЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен мекеп қабырғасынан шахмат ойнаймын. Қызылжар ауданының атынан ылда сайыстарға қатысамын. Бүгін үлкен мереке. Прибрежное ауылдық округіне қарасы жерде спорт ойынсауық-кешені ашылып жатыр. Бұл жерге жас отбасылар, балалар,үлкендер келіп, спортпен айналысып, денсаулықтарын нығайта алады.

Биыл аудан әкімдігі Типличное елді мекенін көркейтуге көп көңіл бөлген. Елді мекенің  7-8 шақырымға жуық жолына қиыршық тас пен асфальт  төселді. Жөндеу  жұмыстарына  облыс бюджетінен 250 млн теңге қаражат бөлініпті. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
20:53, 26 қазан 2020
«ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...