ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

СПОРТ КҮНІ

20:11, 16 тамыз 2019

Қазақстанда тамыздың 3-ші жексенбісі спорт күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Винокуров атындағы спорт сарайында салтанатты жиын өтті. Шара барысында осы салада көп жылдар бойы еңбек етіп, спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 40-қа  жуық адам облыс әкімінің атынан марапатталды.Толығырақ келесі бейнематериалда.

Спорт- мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Елімізде  спортты дамытуға, саламатты өмір салтына айырықша көңіл бөлінуде. Әлемнің әр түпкірінде қазақ елінің  әнұраны шалықтауына, көк байрағының желбіреуіне бар күш-жігерін салып, ел абыройын асқақтатып  жүрген солтүстікқазақстандықтар жетерлік.Дәл осы өңір мақтаныштарын салтанатты шарада облыс әкімінің атынан оның орынбасары Асқар Сақыпкереев құттықтады.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Құрметті спортылар, ардагерлер мен спорт саласының қызметкерлері. Бүгінгі жиын спорт күні қарсаңында өтуде. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын.  Спорт болашақта бізге даңқты жетістіктер әкелетін өскелеңі ұрпақты тәрбиелеудің маңызды факторы.

Бүгінгі күні облыста 175 мыңнан астам адам спортпен айналысады. Жыл басынан бері өңірімізде мыңнан астам спорттық шара ұйымдастырылған. Оған 280мыңнан  астам адам қатысты. Бұдан басқа биылдыққа облыс аумағында 15 халықаралық және 30 республикалық жарыс өткізіліпті.Және жерлестеріміз республикалық, халықаралық ареналарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.   

 РУСЛАН ЕСЕНАЛИН, СҚО СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Солтүстікқазақстандық спортшылар жалпы осы жылы өте жақсы қырынан көріне білді. Ауыз толтырып мақтанатындай жетістіктеріміз бар. Мәселен, өткен жылы тек 356 спортшы ел құрамасында болса, биыл олардың саны 413ке жетті. Және осы жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен мектеп-интернат колледжі ашылды. Яғни спот мектебінде 11 сынып бітірген оқушылар тағы 3 жыл оқып, кәсіби жаттықтырушы мамандығын алып шығады.

Спорт  күніне орай  40-қа жуық солтүстікқазақстандық облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде спорт саласының ардагері  Жамбыл  Тасеменовта бар. Ол облыс орталығындағы спорт мектеп интерантының негізін қалаушы. Өмірінің жартысын осы салаға арнаған өңірдің құрметті азаматына бүгін «Спорт ардагері» медальі табысталды.

ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Бұрын қазақта адам соңынан атын қалдыру үшін мал, ағаш өсіру керек деген. Менің оған қосарым бар. Адам атын қалдыру үшін мектеп ашу керек. Мен 12 жыл бұрын спорт мектебін ашып едім. Бүгінгі күні менің тәрбиеленушілерім әлемдік деңгейлерде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Барлығын құттықтаймын.

Бұл күні салтанатты шараға келген өңір тұрғыны спорттық ойындардан бақ сынауға мүмкіндік алды. Біреулері ой-қабілетті дамытатын  шахмат ойнаса, енді біреулері жаппай жүгіруге қатысты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

А. ВИНОКУРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
13:05, 14 қазан 2019
А. ВИНОКУРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар