ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

17:53, 7 ақпан 2020

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстың спорт саласында едәуір жетістіктер бар. Бүгінде өңір тұрғындарының 30 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысады. Сондай-ақ, былтыр өңірде көптеген  спорт алаңдары бой көтерді. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының есеп беру жиынында айтылды.

Биыл Республика бойынша  спорт саласын дамытуға бюджеттен 6 млрд-тан астам қаражат бөлінген.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 833 млн теңгеге  көп.Оның 680млн СҚО тиесілі.  былтыр көптеген спорт мектептері күрделі жөндеуден өтіп,  жаңа 10 шағын футбол алаңы салынған. Аулалардағы толық жабдықталған тренажерлар саны да 42ге жетіпті.Алайда,спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Р.Есеналиннің айтуынша,  облыстағы көптеген спорт нысандары 80-інші жылдары қолданысқа берілгендіктен, бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді.

РУСЛАН ЕСЕНАЛИН,  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2019 ЖЫЛЫ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 4  спорт нысанына жөндеу жұмыстарын жасау үшін 194 млн теңге бөлінді.Және «Дельфин» спорт мектебінің тренажер залы мен бассейн, кіре беріс дәліздері де жөндеуден өтті. Бұл жұмыстарға 40млннан астам теңге жұмсалды. Сондай-ақ, 1982 жылы қолданысқа берілген «Жеңіс» , «Барыс» спорт мектептеріде жақсы жөндеуден өткізілді.

Облыста көптеген кәсіби спорт командаларында шет елден келген легионерлер ойнайды. Өңір басшысы Қ.Ақсақалов олардың санын азайтып, жергілікті  спортшыларға көңіл бөлінуі керек деген болатын. Жиынға қатысқан әкімнің орынбасары Р.Әлішев бұл тапсырма қаншалықты деңгейде орындалып жатқандығын  сұрады. 

Руслан Бахытович аким области дал поручение по сниженирю легионеров профессиональных клубов. Ситуация на сегодняшний день какая?

- Бұл тапсырма бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда, легионерлердің де еңбегі зор. Олардың арқасында,  «Қызылжар сқ» құрамасы жоғары лигаға шықты. Менің ойымша, шет ел спортшыларының 1-2еуін бізде қалдыру керек.

Қазіргі уақытта Петропавлда  балалар-жасөспірімдерге арналған 13спорт мектебі бар. Алайда мұның өзі аздық ететін көрінеді. Сондықтан да,  спорт басқармасының биылға жоспары ауқымды. Алдағы жылдары 19ыншы, 20-сыншы және «Береке» ықшам аудандарында да арнайы спорт нысандарын салу жоспарда бар.

ЖАНАТ МҰХАМЕТҒАЛЕЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Осы  жылы спорт инфрақұрылымын дамытудың  форматын өзгертпекпіз. Биыл шағын стадиондардың құрылысы басталады. Ол жерде шағын футбол алаңы, 250м жүгіру жолы, баскетбол алаңы болады. Бірақ әзірге нақты қай жерден салынатыны белгісіз.

Айта кетейік, бүгінгі күні өңір тұрғынының 30 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады екен. Бұл көрсеткіш бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есеге көп.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 12 қазан 2020
ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...