ШҰҒЫЛ! 6 АУДАН ЕГІН ОРАҒЫН АЯҚТАДЫ Толығырақ

СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

20:35, 8 тамыз 2018

Шаһардың көп қабатты үйлерінің маңында орналасқан 10-ға жуық аулада көпшіліктің арасында үлкен сұранысқа ие болып жүрген 5 тренажері бар спорттық жиынтықтар орналастырылды. Бұл Қызылжарлықтардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жасалып отырған игі іс. Жаңа спорттық құрылғылар орналасқан сондай алаңның біріне арнамыздың түсірілім тобы барып қайтты.

Абай көшесіндегі  57-ші үй тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ.Әсіресе жазғы демалыста алаңға шығып ойнайтын балғындар осындай жаңа жаттығу құралдарының  пайда болғанына риза. Енді олар  алысқа бармай-ақ үй  маңында денелерін шынықтыра алады. Ал ересектер болса шаһардың басқа шетінде орналасқан фитнес-орталықтарға ақшаларын шығындымай, сауыға алады.

ЛИДИЯ ШНЕЙДЕР – ҚАЛА  ТҰРҒЫНЫ

Осы жылдың қаңтарында пәтер иелерінің кооперативімен өтініш берген болатынбыз.Әкеліп,орнатқандарына әлі бір ай да болған жоқБіз өте ризамыз.Енді біздің аулаға жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да келіп,шынығатын болды. Әкімдікке осындай сыйлық үшін айтар  алғысымыз шексіз.

Спорттық жиынтыққа 5 тренажер кіреді.Осындай жаттығу алаңын  қала бойынша 10 аулада кездестіруге болады. Оларды орнату үшін   пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары  әкімдікке өтініш жазған. Көп қабатты үйлердің тұрғындары құрылғыларды  өз қарамағына  алып, жыл сайын жөндеп,сырлап тұруға дайын.

ЖАНАТ МҰХАМЕТҒАЛИЕВ –  ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Осы жылы 10 аулада тренажерларды  орналастыру жоспарланып отыр, олар Ухабов, Гашек, Пушкин, Жұмабаев және тағы   басқа көшелердің бойында болмақ. Көше  тренажерларында барлық жастағы адамдар спортпен шұғылдана алады.

Ашық аспан  астындағы  жаттығу   құралдарын пайдаланушылар саны  артып келеді, дейді мамандар.   Бұл өз кезегінде  халықтың салауатты  өмір салтына  бет бұрғанын  көрсетеді.

Майгүл Сейілбек


 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСҚА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ
21:33, 17 қазан 2018
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСҚА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДА ӨТКЕН  ВЕЛОЖАРЫСТА АЛЕКСАНДР ЛУЦЕНКО  КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
21:25, 16 қазан 2018
ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ВЕЛОЖАРЫСТА АЛЕКСАНДР ЛУЦЕНКО КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар