ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

СПОРТШЫ, АҚЫН, ӘРІ КОМПОЗИТОР

20:48, 18 ақпан 2020

Самбодан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жерлесіміз Виктор Денисенко 50 жылдан астам уақытын тәлімгерлікке арнаған.   Оның шәкірттері Азия, Еуропа мен әлем чемпиондары. Сондай-ақ, Виктор Денисенко  өзінің ақындық және композиторлық қырымен де танымал. Сегіз қырлы, бір сырлы жерлесімізбен арна тілшілері тілдесті.

Виктор Денисенко 18 жасынан бастап жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Көп жылдар бойы «Динамода» құқық қоргау органдарының қызметкерлерін жаттықтырған. Самбо - күрестің ең қиын түрлерінің бірі. Бұл спорт арқылы нағыз ер жігітке тән мінез қалыптастыруға болады,- дейді еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 

ВИКТОР ДЕНИСЕНКО, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, АҚЫН:

- Кез-келген жаттықтырушы оқушыларының биіктен көрінгенін қалайды.Қазір біз тәрбиеленушілерімізбен көптеген жетістіктерге жеттік.Самбо олимпиадалық спорт түрлеріне енгізілді. Осыған байланысты БЖСМ-де ұлттық спорт түрлерінен үйірмелер  ашылды.  Енді біз де сайыстарға дайындала бастаймыз.

Жерлес спортшыны сегіз қырлы бір сырлы деп айтсақ та артық етпейді. Оның тұла бойынан  төзімділік пен күш-жігерді, сонымен қатар, шығармашылық пен лирикалық нәзік иірімді де байқауға болады. Виктор Денисенко облыстық әдеби бірлестіктің мүшесі. Өңір тұрғындары арасында да өзінің көптеген шығармаларымен танымал.

ВИКТОР ДЕНИСЕНКО, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, АҚЫН:

Соңғы жазған әнім әскери тақырыпта «Исповедь командира» деп аталады. Ол атақты Бауыржан Момышұлына арналған.  Биыл Ұлы жеңіске 75 жыл толады. Сондықтан да, осы соғыс  тақырыбында ән жазғым келді. Себебі, қазіргі уақытта ардагерлеріміз күннен-күнге азайып барады. Осы шығармамды қазіргі уақытта 3 әнші орындағысы келіп жүр.

Виктор Денисенконың өлеңдері көбіне патриотизм тақырыбына, қазақ елінің батырларына, сонымен қатар туған өлкенің сұлулығына арналған.

Жансая ҚАЙЫПОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...