ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА

17:24, 6 тамыз 2020

Облыс орталығында самайына ақ түссе де бойынан күш-қуаты кетпеген қариялар бар.  Аға буын қыста мұзға тұрып, коньки тебеді, жазда суда жүзуден кейбір жасты қапы қалдырады. Сондай кейіпкеріміздің бірі Маргарита Фидченко. 82 жастағы кейуананың іс-әрекеті көпке үлгі. Сондықтан көрсетуге тұрарлық деп жөн санадық. 

Маргарита Фидченко 10 жасында жүзуді үйренген. Күн сайын өзеннің арғы бетіне жүзуді әдетіне айналдырыпты.  Суда өзімді балықтай сезінемін дейді.

МАРГАРИТА ФИДЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Басқалары таңғы дене жаттығуын жасаса мен жүзу арқылы  шынығамын. Денсаулығыма шағымым жоқ. Терапевтке барған күнім есімде жоқ. Және ауырып жұмыстан бір күн сұранған жоқпын.  

Жүзуді ұнататын әжейді көбі әлеуметтік желі арқылы таныған. Осыған дейін видеосын немересі Аня түсіріп, ғаламторға жүктеген екен. Оны көрген  жекелеген тұлғалар жүзуді күнделікті машығына айналдырыпты. Кейуанамен серіктесіп жүзуге ниет білдіргендер  де бар.

АЛЛА КАРПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Бұл кісінің видеосын интернеттен көріп қатты қызығып кеттім. Өзім де жүзуді ұнатамын. Бірақ өзен басына жалғыз баруға қорқамын. Өзіме құрбы, серіктес тапқаныма қуаныштымын. Немересі Аняға зор алғысымды айтамын.

Маргарита Фидченко бұл істі хобби емес, күн тәртібі деп есептейді. Және жаз мезгілінде өзенде жүзеді. Қазіргі таңда әжейге шектеу шаралары қолбайлау болып тұр. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...