ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ТУРИСТІК КӨПСАЙЫСТАН ЖАРЫС ӨТТІ

20:43, 10 ақпан 2020

Интернетсіз табиғат аясындағы демалыс. Өткен сенбі-жексенбі күндері Қарғалы аралында туристік көпсайыстан жарыс өтті. Бұл доданы мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырды. Дәстүрлі сайысқа 40-тан астам оқушы қатысып, шаңғы туризмі техникасынан өзара мықтыны анықтады.

Туристік көпсайыстан жарыс - дәстүрлі. Оның ауқымы жыл санап кеңейіп келеді. Бұл жолы олар Қарғалы араларында бас қосып, шаңғы туризмі техникасынан өз бақтарын сынап көрді. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда бұл доданың басты мақсаты- балаларды ұялы телефоннан ажыратып, демалыс күндерін көңілді әрі қызықты өткізуге ұйытқы болу.

ОЛЬГА ТОРОПОВА, МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Біз бұған дейін іздеу-құтқару жұмыстарынан жарыс өткіздік. Ал бұл чемпионаттың екінші кезеңі. Енді алдағы уақытта тау туризмі мен жаяу туризм техникасынан сайыс өткіземіз. Жалпы, соңғы жылдары туризм саласы өңірімізде жақсы дамып келеді. Бұл ең біріншіден балалар үшін ұйымдастырылып отыр.»

Биылғы додаға қала мектептерінен 40-тан астам оқушы қатысты. Солардың бірі- Валерия Каратаева. Жас турист спорттық туризммен бір жарым жылдай шұғылданып жүр.

ВАЛЕРИЯ КАРАТАЕВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- «Барлығы ойдағыдай өтті. Біз бұл додаға мықтап дайындалдық.. Жиі табиғат аясына шығып, бос уақытымызды тиімді өткіземіз.»

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды «Бест» құрамасы жеңіп алды. Екінші орынға «Бәйтерек» командасы жайғасса, үздік үштікті «Экстрим» құрамасы түйіндеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР СК» ФК ЖАҢА МАУСЫМДЫ СӘТСІЗ БАСТАДЫ
13:03, 10 наурыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР СК» ФК ЖАҢА МАУСЫМДЫ СӘТСІЗ БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...