ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ҰЛБИКЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

18:05, 6 қыркүйек 2019

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында  1999-2000 жылдары дүниеге келген жастар арасында белбеу күресінен ел чемпионаты өтті. Дүбірлі жарысқа еліміздің әр облысынан 200-ден астам спортшы қатысып, 14 салмақ дәржесі бойынша өзара мықты анықтады. Бұл додаға жерлесіміз Ұлбике Қасымбекова да қатысып, мерейі үстем болды. Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Солтүстік Қазақстан облысысының намысын қорғаған Ұлбике Қасымбекова боз кілемде өзінің жақсы дайындығы мен шеберлігін көрсетті. Күрес шебері 48 келі салмақта Ақмола, Шымкент және Қызылорда облысының спортшыларын тізе бүктірді. Айта кету қажет, ол бұл спорт түрімен үшінші жыл шұғылданып жүр.

ҰЛБИКЕ ҚАСЫМБЕКОВА, БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНЫ:

Жас спортшы бұған дейін еркін және қазақ күресімен айналысқан екен. Бірақ, 2016 жылы белбеу күресіне бет бұрыпты.  Жаттықтырушысы Уәлихан Дәуренбековтың сөзінше Ұлбике алғашқы күннен бастап өзін тек жақсы қырынан көрсеткен.

УӘЛИХАН ДӘУРЕНБЕКОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Ұлбике еңбекқор қыз. Үш жылдың ішінде ол жақсы жетістіктерге жетті. 2016 жылы ел чемпионатына қатысып, үшінші орынға ие болды. Айта берсең жеңістері көп.  Барлық шәкірттерім осындай жеңістерге жетсе екен деймін. 

Облыста белбеу күресі жақсы дамып келеді. Бүгінгі күні бұл спорт түрімен 100-ден астам спортшы айналысады.

ҚАНАТ ОМАРОВ, СҚО БЕЛБЕУ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ұлбике енді қараша айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Белбеу күрес шебері байрақты жарысқа дайындағын бастап  та кетті.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЬМИРА ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ
18:06, 19 қыркүйек 2019
ЭЛЬМИРА ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
13:08, 19 қыркүйек 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...