ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ҮШ АУДАНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

20:45, 19 мамыр 2020

Былтыр Петропавлдағы «Дельфин», «Жеңіс», «Барыс» спорт мектептерінде және спортқа дарынды балаларға мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы шаруалар биыл да жалғасын таппақ. Сондай-ақ, бірнеше аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермек. Тілшіміз Нұрбол Балғабеков толықтырсын.  

Қазіргі таңда облыстағы спорт мекемелерінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алды. Мәселен, «Қарасай» стадионында тартан жамылғысы ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты қазіргі таңда жергілікті «Қызыл-жар СҚ» құрамасы өз жаттығуларын Нұр-Сұлтан қаласында өткізуде.

ЖАНДОС ДҮЙСЕМБИН, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

«Сондай-ақ,  «Қарасай» стадионында ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Бұл шаруалар шілде айының соңына да дейін созылады. Тамыздың басында «Қызылжарлықтар» өз алыңында қонақтарды қабылдай алады.

Спорттың деңгейі мен оның дамуы тікелей спортқа жасалынып жатқан қолдауға байланысты екенін естен шығармау керек. Жалпы биыл облыстағы спорт мекемелерінде ағымдағы және жөндеу жұмыстарына 414 млн. жуық теңге қаржы бөлінді.

ЖАНДОС ДҮЙСЕМБИН, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

«Қ.Байболов атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде роллердромды қайта қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, спортқа дарынды балаларға мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжінде аумақты абаттандыру, мектепке ағымдағы жөндеу, шатырды ауыстыру, «Олимп» спорт мектебінде мұз айдынын жарықтандыру, «Жеңіс» мектебінде  санитарлық аймақтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынуда. Бұдан бөлек, Борки кентіндегі Олимпиадалық резервті даярлау орталығында шаңғы базасында абаттандыру жұмыстары атқарылмақ.»

Елімізде  спортты, саламатты өмір салтын дамытуға айырықша көңіл бөлінуде. Мәселен, алдағы екі үш жылда барлық аудандарда дене шынықтыру және сауықтыру кешендері тұрғызылады. Биылдың өзінде «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында Саумалкөл, Явленка және Пресновка ауылдарында спорттық нысандар пайдалануға берілмекші. Жалпы, өңірімізде 175 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады екен.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...