ШҰҒЫЛ! ДУБАЙДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ

17:55, 8 қаңтар 2019

Өңіріміздегі ұстаздар қауымы бір сәтке жұмыстағы  қарбаластан босап, спорттық шеберліктерін шыңдады. Ұлағатты жандар арасында 5 спорт түрінен спартакиада өтті. Аталмыш сайыста 7 команда өз білім ордаларының намысын қорғап, бақтарын сынады. Мұғалімдер арасындағы жарыстар осымен 2-ші рет өткізіліп отыр. Оның қорытындысы бойынша 76 ұпаймен СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжі жеңіске жетті.

Спартакиадаға  қатысушылар волейбол, шахмат, дартс және қазақтың ұлттық ойыны асық ату мен бес тас асық ойындары бойынша бақ сынасты. Аталмыш сайыста 100-ден астам ұстаз спорттық шеберліктерін шыңдады. Айта кету керек,  жарыс осымен 2-ші рет өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша енді дәстүрге айналмақ. 

ЖАНДОС БАЗАРБАЕВ, СҚО БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  КӘСІПОДАҒЫ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Спартакиаданы өткізудегі мақсат колледж ұйымдарын жақындастыру, ұлттық спорт түрлерін дамыту және «Дені саудың жаны сау» дегендей өскелең ұрпаққа үлгі көрсету. Келер жылы елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына байланысты садақ ату ойындарында  кіргізу жоспарда.

Өткен жылғы спартакиада ойындарының жеңімпаз командасының мүшесі Алпамыс Мағауин.Бокстан спорт шеберіне үміткер. Биылғы сайыста СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің намысын қорғауда. Жастайынан  спортты серік еткен Алпамыс, волейбол ойынын хоббиіне айналдырған.

АЛПАМЫС МАҒАУИН, СПАРТАКИАДА ҚАТЫСУШЫСЫ:

- Бүгін біз 2 командамен кездесіп үлгердік. Нәтиже өте жақсы. Волейболдан финалға өттік. Өткен жылы барлық спорт түрінен жоғары көрсеткіш көрсетіп, жеңімпаз атанған болатынбыз. Осы жылы да әзірше  жаман емес. Керемет әсер алдым. Осылай спартакиадаға қатысып кеңселік жұмыстардан бірер сәтке босап, спортпен айналысып, өзімізді шыңдаймыз. Жыл сайын қатысуға дайынмын.

Сайыс нәтижесі бойынша 76 ұпаймен кәсіптік-педагогика колледжі бірінші орын алса, Петровка агро техникалық колледжі екінші орынға жайғасты. Ал темір жолшылар 55 ұпаймен қола жүлдені қанағат тұтты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
17:58, 20 наурыз 2019
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
15:09, 20 наурыз 2019
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
17:27, 23 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақст...
Толығырақ...