ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

"VICTORY CUP" АШЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

13:13, 18 қазан 2019

12-13 қазан күндері Уфа қаласында көркем гимнастикадан "Victory Cup"ашық турнирі өтті. Сайыста солтүстікқазақстандықтар да бақ сынады. Турнир нәтижесі  бойынша, жерлесіміз Малика Серғазинова бас жүлдеге ие болса, Мария Дымкова 3 орынды қанағат тұтты.  

10 жасар Малика көркем гимнастикамен 3 жылдан бері айналысады. Осы аралықта көптеген байқауларға қатысып үлгерген спортшы қыздың нәтижесі жаман емес. Victory Cup"ашық турниріне де жаттықтырушысы Анастасия Норкинамен бірге дайындалып, бұл жолы да үздіктер қатарынан көрінді.  

МАЛИКА СЕРҒАЗИНОВА, "VICTORY CUP" ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

- Маған сайыс ұнады. Менің жас санатымда 200ден астам спортшы болды. Алайда мен олардың арасынан үздік деп танылып,  алтын медальды иелендім. Барлық турнирлерде жеңімпаздар қатарынан көрінуге тырысамын. Ол үшін тынымсыз дайындаламын.

Бұл турнирде ел намысын 7 жасар Мария Дымкова да қорғады. Алайда сайыс алдында кішкентай бүлдіршіннің музыкалық композициясы қойылмай қалған. Салдарынан кішкентай жерлесіміз қола жүлдені қанағат етті.   

МАРИЯ  ДЫМКОВА, "VICTORY CUP" ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

- Бұл сайыста алғаш рет доппен өнер көрсеттім. Менімен жасты 12 қатысушы болды. Алайда, кейбір қиындықтарға байланысты 3 орын алдым. Бірақ алдағы уақытта тек үздіктер қатарынан көрінетін боламын.

Айта кеткен жөн, Уфада өткен ашық  турнирде Мария мен Малика ғана Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Жас спортшылардың болашаққа жоспарлары көп. Мәселен, Малика қараша айында өтетін ел чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...