ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ

20:47, 6 маусым 2019

Бүгін Петропавлда қыздар арасында волейболдан республикалық чемпионат басталды. Еліміздің 13 облысынан келген доп шеберлері алты күн сынаспақ. Жарыс 2006-2007 жылғы спортшылар арасында өтіп жатыр, бұл волейбол спортындағы жас ерекшелігі бойынша ең кіші топтар. Тартысқа толы ойын жайлы келесі бейнематериалда.

Ақтөбелік құрама республикалық чемпионатқа жоғары дайындықпен келген. Спортшылар бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болып жүр. Команда мүшесі Аружан Кеукенованың айтуынша, жарысқа жақсы дайындықпен келдік, жеңіспен ораламыз дейді.

АРУЖАН КЕУКЕНОВА, ВОЛЕЙБОЛШЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ:

- Хромтау ауданынан келіп отырмын. Мен волейболға үш жылдан бері қатысамын. Және де біз осы үш жылдың ішінде көп жетістіктерге жеттік. Осыл емеспіз әрине, бірақта осы жарысқа біз бірінші орынды алып кетеміз деген ойдамыз. Біздің алға қойған мақсаттарымыз әрине, жетістіктерге өбірек жету. Басқа командалардан ерекшелігіміз біз өте көңілді, әрі татулы командамыз.

Жарыстың бірінші ойынын Ақтөбеліктер мен Алматы облысысының қыздар командасы бастады. Чемпионат 2006-2007 жылғы спортшылар арасында өтіп жатыр. Қыздардың дайындығы өте жоғары. Допты көпке дейін жерге түсірмей, шеберліктерін көрсете білді. Жалпы шаһарға республиканың Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Повладар қалалрынан 13 команда жиылды. Ойынның барысын, еңбек сіңірген жаттықтырушы, жоғарғы ұлттық санатты төреші, 43 жылдық тәжірибесі бар Людмила Ким бақылады.

ЛЮДМИЛА КИМ, БАС ТӨРЕШІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ:

Ойын «балалар лигасы» деп аталады. Бұл жарыс ең қиын екенін атап өтуге болады. Балалрды сынап, бағалау қиын. Кішкентай кезінен ойынға деген қызығушылығын жойып алғын келмейді. Дегенмен, дәл осы кезден оларды үйрету қажет. Жылдан жылға, спортшылардың саны  мен ойынның сапасы да өсіп келеді.  Екібастұз қаласында өткен ойында, 2006-2007 жылғы Петропавл қаласының командасы жеңіске жеткен еді. Бүгін, сіздер екі құраманы қосып отырсыздар. Ойын өте қызықты өтпек.

Петропавл қаласының намысын 2015 жылы құрылған «Қуаныш» құрамасы қорғамақ. Бүгінде бұл командада 200-ден аса спортшы волейболмен айналысса, 5 спортшы ел құрамасының ревервінде.

АНАСТАСИЯ ПОТАПКИНА, «ҚУАНЫШ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ:

Біздің командамыз ең мықты. Мұндай жарыстарға жыл сайын қатысып, жеңіс тұғырынан көрінеміз. Біз өз күшімізге сенімдіміз, сондықтан, жеңісті оңайлықпен ешкімге бермейміз.  

Қыздар арасындағы волейболдан республикалық чемпионат  алты күнге созылмақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЬМИРА ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ
18:06, 19 қыркүйек 2019
ЭЛЬМИРА ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
13:08, 19 қыркүйек 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...