ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА

20:53, 7 тамыз 2020

Қыз-келіншектерден жасақталған «Қуаныш» волейбол клубы жаңа маусымға әзірлікті бастап кетті. Шектеу шараларына байланысты жаттығу жұмыстары ашық аспан астында өткізілуде. Құраманың жоспары туралы тілшіміз айтсын.

Бапкер Азамат Есімовтың қоластында жаттығатын қыздар өткен жылы чемпионатты 4-ші орынмен тәмамдаған болатын. Қатарға үш ойыншы жаңадан қосылған. Құрамаға оңтүстіктен Антонина Рубцова мен Людмила Исаеваны қабылдапты. Команданың орташа жасы – 23. Бас бапкердің айтуынша, спортшылар бабында, жүлделі орындарға таласуға мүдделі. 

 АЗАМАТ ЕСІМОВ, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

- Биыл жүлделі орындардан көріну міндеті тұр. Ел ішіндегі жағдай оңалса, волейбол ойындары қыркүйекте басталады. Дайындық шаралары кестеге сай атқарылуда.  Биыл супер лигада жалпы 10 команда қатысады. Осы жылы ойынға Жетісу және Тараз қосылды

Осы жылы Екатерина Михайлова команданың капитаны болып тағайындалды. Спортшы Ресейден бірнеше жыл бұрын келген. 

ЕКАТЕРИНА МИХАЙЛОВА, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

- Команда бабында. Жаттығуда қыздар белсенділік танытады.  Сырттан келген Людмилу Исаева және Светлана Парукова командамызды жеңістерге жетелейді деген үміттемін.

Құрама қыркүйек айының соңында ҚР кубогіне қатыспақшы.  Қазан айында супер лигада медаль үшін ойнайды.  Кездесулер жоспарын жарыс ұйымдастырушылары  жуық арада әзірлемекші. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...