ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ

20:50, 6 қараша 2019

8 мыңға жуық солтүстікқазақстандық ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Оның 2,5 мыңы қазақ күресінің балуандары.  Облыс әкімінің қолдауымен былтыр өңірде «Қызылжар арландары» атты клуб құрылды. Бүгін Петропавлда жаңа спорт базасының тұсауы кесілді.

Бірер жыл бұрын  ғана бұл спортшылардың өз жаттығу залдары болған жоқ.  Мәселе толығымен шешіліп, енді «Қызылжар арландарының» өз спорт базалары бар.    «Солнечный» шипажайының ғимаратында орналасқан жаттығу алаңында балуандарға шеберлік шыңдауға бар жағдай жасалған.    

ДАМИР БЕКБОСЫНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР АРЛАНДАРЫ» КЛУБЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Дмитрий Динер  Бескөл ауылының тұрғыны. 6 жасынан күреспен айналысып келеді.  Бүгінге дейін талай жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып үлгерді.

ДМИТРИЙ  ДИНЕР, БАЛУАН:

Клуб құрамына есімдері өңірге танымал балуандар кірген. Атап айтсақ, Мұхит Тұрсынов, Рустам Жұмаев, Жеңіс Төленбеков және тағы басқалары бар.  Бұл спортшылар талай рет өңір намысын республикалық ареналарда нәтижелі қорғаған мықтылар. Спорт саласының ардагері Жамбыл Тасеменовтың  айтуынша, спортшыларға жасалып жатқан жағдайдың барлығы, олардың дайындығын жетілдіріп, белестерді бағындыруға сеп болмақ.  

ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, ҚР  ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗ КСР ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

Тағы бір жағымды жаңалық, жерлес балуандар жыл додасы – Конфедерация Кубогының ақтық сайысына жолдама алды.  Нұр-Сұлтан қаласында қазақ-күресінен  іріктеу кезеңі өтіп, Қазақстанның 7 клубының 100-ден астам спортшысы  7 салмақ дәрежеде күш сынасты. «Қызылжар арландары»  қарсыластарының бәрін жеңіп, командалық бірінші орынға қол жеткізді.  Турнирдің ақтық сайысы желтоқсанның 7 мен 8 аралығында Алматы қаласында өтеді.

 

АНАСТАСИЯ ДРОНЯК, АДИЛЬ НУРЖАНОВ, СЛУЖБА НОВОСТЕЙ

 

        

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
18:02, 13 желтоқсан 2019
ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
Толығырақ...
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:05, 9 желтоқсан 2019
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...