ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЖАҢА СПОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛДЫ

15:47, 4 желтоқсан 2018

Уәлиханов ауданына қарасты Қулыкөл елді-мекенінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай жаңа спорттық кешен ел игілігіне тапсырылды. Аталмыш нысан осы жердің тумасы жеке кәсіпкер Саян Мүбәрактің қаражатына салынған. Жомарт жан оған 10 млн теңге құйыпты. Әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменовтің есімі берілген кешенде күрес, фитнес, тренажер залдары бар. Толығырақ әріптесіп жалғастырады.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытында берген тапсырмасы Уәлиханов ауданында тиянақты қолдау тапқан. Ауданға қарасты Уәлиханов елді-мекенінде бұрын-соңды спорт кешені болмаған.  Енді міне, көптің тілегі қабыл болды. Уәлиханов ауданының әкімі Медет Оспанов ҚР тұңғыш президент күніне  ашылған нысаннан болашақ чемпиондар тәрбиеленіп шығатындығына  сенімді екенін білдіріп,  спорт нысанның ашылуымен құттықтады.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Баршамызға белгілі Елбасымыздың 5-ші қазандағы жолдауында «Ауыл ел бесегі» деген соған байланысты биылғы жылы жолдауды орындау бойынша үлкен жопарлар қабылданып жатыр. Елімдегі үлкен қаражаттар енді ауылдық жерлерге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Сіздерді бүгінгі айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Осы жерден шыққан бүлдіршіндеріміз ертен ел-қорғаны болсын.Елдің атын шығарсын.

Аумағы 300 шаршы метрлік жаңа кешеннің құрылысы биыл жазда басталған болатын. Қулыкөл ауылының тумасы Саян Мүбәрак «Бүркіт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы. Қазіргі таңда Астана қаласында тұратын жомарт жан,  туған жерін ешқашан ұмытқан емес.

САЯН МҮБӘРАК, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Қалада тұрсақ та ауылды сағынамыз. Осы спортты көтерейік деп жастарымыз мықты болсын. Білімді, білікті болсын деп өз үлемісізді қосып осылай  жұмыстарды істеп жатырмыз. Алдағы мақсатымыз осыдан тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай жұмыстар жүргіземіз. Жастармен айналысамыз. Болашағымыз отанға. Махаббатын патриоттік сезімін оятып, нағыз намысты жігіттер болсын деп.

Сонымен қатар шара барысында өңірдің экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ауылдың бір топ азаматы облыс және аудан әкімінің алғыс хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың қатарында Саян Мүбәрак та бар. Айта кеткен жөн, бұрын Қулыкөл елді-мекенінде спорттық кешен болмағандықтан ауыл жастары мектеп спорт залдарында немесе мәдениет үйінде шынығатын. Енді биыл бұл мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі таңда еркін күреспен айналысамын деушілердің саны 40-адамға жеткен.

БАУЫРЖАН НҰРЛАН, ЕРКІН КҮРЕСТЕН БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Көңіл күй жақсы. Керемет. Бүгін міне Алмас Сүлейменов атындағы спорттық кешен ашылып жатыр. Қуаныштымыз. Барлық жағдай жасалған. Осы мектептен болашақ чемпиондар шығатынына сенімдіміз. Осы спорт кешінін салып берген бізге Саян ағамызға рахмет!

Жаңа кешенде шынығып жүрген мына балалардың қуаныштарында шек жоқ. Олар бұл залда өздерінің алғашқы жаттығуларын өткізуде. 

МАДЬЯР САҒАТ, СПОРТШЫ:

- Мен осы спорт кешені ашылғанына қуаныштымын. Саян ағаға бар жақсылықты тілеп рахметімді айтамын. Осы күрестен үлкен балуандар сияқты менде балуан болғым келеді. Чемпион болғым келеді. Осы ағалар сияқты батыл сенімді чемпион болғым келеді.

Алмас Сүлейменов атындағы спорттық кешенде 2 зал бар. Бұл жерде қазігі таңда 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
21:20, 12 желтоқсан 2018
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...