ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

20:50, 10 шілде 2018

Маусымның 25-і мен шілденің 5-і аралығында Ақмола облысына қарасты Зеренді елді-мекенінде жасөсіпімдер арасында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Сайысқа көршілес Омбы мен Ташкент және еліміздің әр бұрышынан 28 команда шақырылып, жасыл алаңда шын жүйрікті анықтады. Оның арасында қызылжарлық жас футболшылар да бар. Жерлестеріміз нешінші орынға жайғасты? Әріптесім айтып береді.

КСРО спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир жас балалардың алғашқы жарысы. Олар бір апта бойы жан жақтан жиналған мықтылармен сайысып, лайықты  ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Балғындар жалпы командалық есепте 7-орынды місе тұтты. Жаттықтырушысы Александр Гаузердің сөзінше бұл нәтиже жаман емес, бұл шеберлігімізді әлі де шыңдай түсуге ынталандырады,  дейді.

АЛЕКСАНДР ГАУЗЕР, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Балалар лайықты  өнер көрсетті. Осы турнирдің арқасында үлкен тәжірибе жинадық. Бұл балғындармен мен екі жыл біргемін. Басында әрине қарапайым жаттығуларды жасай алмайтын. Ал бүгінгі күні олардың деңгейі күн санап көз алдымызда өсіп келеді. Алда талай жұмыс күтіп тұр. Олар жақсы футболшы болатынына сенімдімін.

Команда  7-і орынға тұрақтаса да турнир қорытындысы бойынша екі футболшы арнайы кубоктарға ие болды. Бірі- үздік ойыншы атанса, екіншісі ең үздік қақпашы номинациясының иегері атанды.

- Ең біріншіден Александр Геннадьевичке рахмет! Осы кісінің арқасындаосындай марапатқа ие болып отырмын Жалпы, турнир жақсы өтті.

- Ең басында футболға келмей тұрып шабуыл шебінде ойнайтынмын. Кейін мұнда келгесін мені бапкер қорғаушы шебіне орналастырды. Маған ұнады. Тынымсыз еңбектің арқасында ең үздік ойыншы аталымын жеңіп алдым.

Жас футболшылардың алдағы жоспары зор. Олар бұдан да жақсы нәтиже көрсету үшін жаз бойы жаттығуларын жалғастырып, келесі жарыстарға дайындықтарын пысықтамақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жас футболшылар

Тақырып бойынша материалдар

АМАНҒАЛИ БЕКБОЛАТОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
15:14, 19 қараша 2018
АМАНҒАЛИ БЕКБОЛАТОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
17:04, 14 қараша 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Толығырақ...