ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

13:07, 18 ақпан 2020

Мейбукан Годзю-рю карате-додан Қызылжар ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарыс Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бәйтерек ауылында өткен сайысқа 70-тен астам ұл-қыз қатысты.

Ақпанның 15-і күні Бәйтерек орта мектебінде мейбукан годзю-рю карате-додан жарыс ұйымдастырылды. Дәстүрлі турнирге 4 пен 13 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Ашық біріншілік 15 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.

ЕВГЕНИЙ МАКСИМОВ,  МЕЙБУКАН ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЕ-ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

- «Қызылжар ауданындағы жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлық спортшылар жақсы дайындықпен келді. Жарақат алған спортшылар болған жоқ. Енді жеткіншектерді алда өтетін додаларға дайындаймыз. Жалпы, облыста мейбукан годзю-рю карате-домен 200-ден астам спортшы айналысады. Бұл спорт түрінің өрісі жыл сайын кеңейіп келеді. Облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған каратешілеріміз бар.»

Жарыс «Нұр Отан» партиясы және Қызылжар ауданы әкімінің қолдауымен өтті. Турнирге қатысуға 70-тен астам спортшы ниет білдіріпті. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Бәйтерек ауылының каратэшілері иеленді. Екінші орын Пеньков елді мекенінің спортшыларына бұйырса, үздік үштікті Петропавл қаласының саңлақтары түйіндеді.

- «Осы жарыста мен бірінші орынды алдым. Біздің клубымыз Бәйтерек бірінші орынға ие болды. Мен үш қарсылас болды. Мен бірінші орынды алдым. Мен каратэ-домен екі жыл айналысамын. Мен өскенде каратэ-додан жаттықтырушы болғым келеді.»

-  «Мен 3 кездесу өткіздім. Қарсластарым мықты болды. Бірақ менде осал емеспін. Бар күш-жігерімді салып, жеңіске жеттім. Жалпы, бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме 2 жыл болды.»

Биылғы алғашқы жарыс Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Енді үздік атанған спортшылар наурыз айында Шымкент қаласында өтетін ел чемпионатына қатысып, өңір намысын қорғамақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР СК» ФК ЖАҢА МАУСЫМДЫ СӘТСІЗ БАСТАДЫ
13:03, 10 наурыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР СК» ФК ЖАҢА МАУСЫМДЫ СӘТСІЗ БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...