ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

13:08, 5 желтоқсан 2019

А. Винокуров атындағы спорт сарайында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан республикалық чемпионат басталды. Дәстүрлі сайысқа қатысуға еліміздің түпкір-түпкірінен 250-ден астам спортшы ниет білдірген. Мұнымен қоса биыл Ресей елінің Қорған қаласының саңлақтары да өз бағын сынауға келіпті. Жас атлетшілер бағдарламаға сәйкес, спринт 60,100 және 200 м, қашықтыққа жүгіру – 1500-3000 м, ұзындыққа секіру және ядро лақтырудан сайысып жатыр. Әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

13 пен 16 жас аралығындағы спортшылар арасында жеңіл атлетикадан республикалық чемпионат жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ол осымен 4-жыл қатыранан өткізіліп отыр. Мақсаты- осы спорт түрінен үздіктерді анықтау.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, СПОРТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АӘД ӨҢІРЛІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жарыс бағдарламасында жүгіру, кедергілер арасымен жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро лақтыру сынды спорт түрлері бар. Майя Санникова- Ресей Федерациясының Қорған қаласынан келіп отыр. Доданың алғашқы күні ол 60 м қашықтыққа жүгіруден сайысқа түсіп, алдыңғы қатардан көрінді. Ал, ерлер арасында 2005 жылы туған Никита Черданцев топ жарды. Жас саңлақ та көрші елдің намысын қорғап келіп отыр екен.

МАЙЯ САННИКОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, РФ:

Біз Петропавлға толық құраммен келдік. Осы додаға өзім екі апта уақыт дайындалдым. Жарыстың алғашқы асығым алшысынан түсті. Барлық қарсыластарыма сәтттілік тілеймін.

НИКИТА ЧЕРДАНЦЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, РФ:

Жеңіл атлетика маған қатты ұнайды. Бұл менің өмірім. Күн сайын жаттығуда жаңа әдіс-тәсілдерді үйренемін. Қазақстан еліне аталмыш жарысқа осымен үшінші жыл қатыранан келіп отырмын. Жетістіктерім де аз емес.

Ал Виктория Поправкина бұл спорт түрімен 6-жыл айналысады. Ол аталмыш додаға екі айдай дайындалған. Тіпті, Қырғызстан еліне екі апталық оқу-жаттығу жиынына да барып келіпті. Жеңіл атлетші жарыстың алғашқы күні ядро лақтырудан өз бағын сынады.

ВИКТОРИЯ ПОПРАВКИНА,  ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ:

- 6-жыл ішінде көптеген жетістіктерге жеттім. Және осы бағытта тоқтап қалғым келмейді. Одан да биік шыңдарға жеткім келеді. Бүгін ядро лақтырудан өз бағымды сарапқа салдым. Нәтиже жаман емес сияқты. 

 Жарыс екі күнге жалғасады. Жеңіске жеткендер облыстық жеңіл атлетика федерациясының арнайы жүлдесіне ие болады. Жалпы, аталмыш дода Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
17:24, 6 тамыз 2020
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...