ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

17:23, 23 маусым 2020

Бүгін «Олимпиада күні». Халықаралық мерекеге орай «Олимпиада балалық шақтан басталады» деген атаумен республикалық онлайн байқау өткен болатын. Оған кез келген қазақстандық қатыса алды. Негізгі талап тақырыпқа сай спорттық ғимараттың бір қабырғасына сурет салып, оны бейнекамераға түсіру. Бұл қашықтан өткен байқауға жерлесіміз Станислав Алерт қатысып, жүлделі 3-ші орынды қанжығасына байлады. Толығырақ келесі бейнематериалдан.

«Олимпиада балалық шақтан басталады» республикалық байқауына қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың болды. Облыстық кезеңде тек 3 азаматтың жұмысы жоғары бағаға ие болды. Олардың арасында Ирина Загородьконың  туындысы да бар. Суретті салуға ол 2 күн уақытын жұмсапты.  

ИРИНА ЗАГОРОДЬКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен акрил бояуын қолдандым. Суретімде бірнеше спорт түрімен айналысатын балаларды көрсеттім. Бұл менің алғашқы жұмысым емес. Негізгі талапты орындадым деп ойлаймын.

Иринаның жұмысы республикалық кезеңге өтпесе де, естелік сурет ретінде спорт сарайында     сақталып қалмақ.  Ал Станислав Алерт үшін байқаулар таңсық емес. Дегенмен, осы жолғы қазақстандықтардың дауыс беруі арқылы  өткен онлайн сайыс бірінші. Қалалықтарға өз көше суреттерімен таныс болған Станислав, жүлдегер атанып 200 мың теңгеге ие болды.

СТАНИСЛАВ АЛЕРТ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

Бұл суретімде балалардың өміріндегі ата-ананың рөлін көрсетуге тырыстым. Үлкен жетістіктерге жету үшін жақын туыстардың рөлі орасан. Спорт менің жаныма жақын тақырып болған соң, небары 1 күннің ішінде туындымды аяқтадым.

Онлайн байқау маусымның 21-і күні Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің барлық қалаларынан 17 адам қатысты. Жерлесіміз үшінші орынға ие болса, алматылық үміткер 2-ші және жеңімпаз Алматы облысының суретшісі атанды. Жалпы жүлде қоры 1 млн 200 мың теңгені құрады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
17:24, 6 тамыз 2020
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...