ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

13:03, 8 тамыз 2019

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстанның бесінші жазғы спартакиадасының төртінші күні аяқталды.

Бұл жолғы додада Солтүстік Қазақстан облысының намысын Айдар Қазов қорғап, алтыннан алқа тағынып, жерлестерін тағы бір қуантты. Ол олимпиада чемпионы Нижат Рахимовтан 3 келі артық көтеріп, алдын орап кетті. Айдар  ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эрик Әлібаевтың тәрбиеленушісі. Тәжірибелі спортшы бұған дейін де үлкен жарыстарда да өнер көрсетіп, топ жарған. Айта кету қажет, аталмыш жарысқа еліміздің әр аймағынан 150-ден астам ауыр атлет қатысып жатыр. Турнир 9-шы тамыз күні өз мәресіне жетеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
18:02, 13 желтоқсан 2019
ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
Толығырақ...
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:05, 9 желтоқсан 2019
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар