ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КЕКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН Q ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

20:49, 5 желтоқсан 2018

Солтүстік Қазақстан аймақтар арасында каратэден көш бастады. Жерлестеріміз халықаралық, республикалық жарыстардан олжалы оралып жүр. Аталмыш спорт  түріне қызығушылардың қатары артып келеді. Жыл сайын каратэ үйірмесіне 300 солтүстікқазақстандық бала жазылады екен. Дәстүрге сай үміткерлер атестациядан өтіп тұрады. Соның бірінде арна тілшісі Берік Қасен болып қайтты. 

Кекушинкай каратэге жаңа келгені, ысылғаны бар. Бұл жеткіншектер дайындық деңгейлеріне байланысты жарты жыл сайын Q тест тапсырып тұрады. Бірі қына сары белбеуден үміттенсе, енді бірі  көк белбеуді алуға ниетті. Қара белбеу – асқан шеберлікті көрсетеді. Емтихан тапсырушылардың арасында  Марлен Асқаров та бар. Айтуынша, оны бұл спортқа кезінде досы ертіп келіпті.

МАРЛЕН АСҚАРОВ:

- Мен 8 жастамын. Кекушинкай каратэмен 3-ші жыл айналысып жүрмін. Мұнда бапкерлер жақсы. Мен жақсы жаттығып жүрмін. Мені осында досым алып келді. Оған үлкен алғысымды айтамын. 

Биыл 5 солтүстікқазақстандық 1-ші дандағы, екеуі 2-ші дандағы қара белбеудің иегері атанды. Жерлестеріміздің бұл жетістіктерін бапкерлері зор мақтанышпен айтады.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, «БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕКУШИНКАЙ КАРАТЭ ҰЙЫМЫ» РҚБ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Аттестацияға аудандар да қатысып жатыр. Облыс бойынша Q тесті 700-ден астам үміткер тапсырады. Өңірімізде каратэнің түрлерімен айналысатындардың жалпы саны мың жарымнан асып жығылады. Жарты жыл сайын каратэ ұйымы 300 адаммен толығып тұрады. Аймағымызда бетке ұстар кәсіби спортшылар жетерлік. Еуразия, Еуропа, АҚШ-тан бірнеше рет  жүлдемен оралғандар бар. Жалпы биылғы ел біріншілігінде СҚО-сы ең үздік деп танылды.

Келешекте каратэні шалғайдағы ауылдардада дамыту жоспарда бар. Қазіргі таңда 15 бапкер жоғары білім алуда. Бұған себеп те жоқ емес. Аймағымызда каратэнің барлық түріне сұраныс артып келеді.

ТӘЖІМҰРАТ НАЙЗАБЕКОВ, БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕКУШИНКАЙ КАРАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Дайындықтарына қарай балалар әр түрлі белбеулерге ол жеткізеді. Бекітілген бағдарламалар бойынша ката жағынан да кихо жағынан дайындықтарын тексереміз. Каратэге қабілеті бар балаларды іріктеп, үлкен жарыстарға дайындамыз.

Бүгінде ел бойынша кекушинкай каратэмен 27 мыңнан астам қазақстандық айналысады екен. Спорттың бұл түрі барлық аймақтарда жақсы дамыған.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
21:20, 12 желтоқсан 2018
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...