ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл

18:10, 4 шілде 2016

Яғни, ол - ел игілігіне Тәуелсіздіктің алғашқы жылында тапсырылған. Медициналық мекеме ширек ғасырдың ішінде талай рет кадрлық және материалдық - техникалық өзгерістерге ұшырады. Бүгінде перинаталдық орталықта тәулігіне орта есеппен 15 сәби дүниеге келеді екен.

Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы сәбилері дәл осы мекеменің қабырғасында дүниеге келген. Қазір, олар 25 жасқа келген жігіттер мен қыздар. Осы уақытта, әрине, перинаталдық орталық та айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Мекеменің материалдық-техникалық базасы нығайды, кадрлар қатары білікті де тәжірибелі мамандармен толықты.  Солардың бірі анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Динара Рахметова.

Перинаталдық орталық ашылған жылдары кадр тапшылығы, материалдық-техникалық базаның нашарлығы айқын байқалатын. Қазір жағдай мүлдем басқа.  Бас дәрігер Жанна Мауытованың айтуынша, ақ халаттылар жыл сайын шет елдерге барып, білімдерін шыңдап отырады.

Әрине, дәрігерлер алдыңғы орынға ана мен баланың денсаулығын қояды. Мұнда жыл сайын 6 мыңға жуық, ал күніне 15 нәресте дүниеге келеді. Өңіріміздегі жалғыз перинаталдық орталық биыл Ел Тәуелсіздігімен бірге өзінің 25жылдық мерейтойын атап өтпек. Ұжым құрамы, материалдық базасы өзгерсе де, мұнда әр қашан өзгеріссіз қалатын бір нәрсе бар – ол ана мен баланың денсаулығын қашан да бірінші орынға қою міндеті.

Фариза ЖАЗИТОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Жас мемлекеттік қызметшілер байқауы өтті
18:05, 15 маусым 2016
Жас мемлекеттік қызметшілер байқауы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...