ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ С.МАЙЛИН ӨМІРДЕН ОЗДЫ

21:22, 20 ақпан 2018

Өкінішке орай, телевизия ардагерлерінің қатары сиреп барады. Ақпанның 19-ында 81-ге қараған шағында «Қызылжар» арнасының ардагері, телеоператор Серік Темірғалиұлы Майлин дүние салды.

Серік Майлин  облысымыздағы қазақ  жастарының арасынан шыққан алғашқы кино және телеоператор болатын. Оның облыстық  телеарнаның дамуына сіңірген еңбегі  өлшеусіз. Ол қазақ тіліндегі бағдарламалардың  мәні мен  сәнін ашып, жоғары деңгейде жасап шығарылуына үлесін қосты.

Серік Темірғалиұлы еңбекқорлығымен, қарапайым нәрселерді, ерекше етіп түсіру қабілетіне ие оператор еді. Күннің суығы мен ыстығына қарамай, өңір оқиғаларын, қарапайым жұмысшылардың өмірін, белгілі тұлғалардың жетістіктерін көрерменге жеткізіп отырды. Сонымен қатар, Серік Майлин  жас әріптестеріне ұстаз да бола білді. Оның талай шәкірттері бүгін телевизия саласының белді мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар