ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ІІД бөлімшелері 2016 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

16:01, 27 қаңтар 2017

СҚО Ішкі істер департаменті республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бұл туралы жергілікті веломство бөлімшелірінің 2016 жылдағы жедел-қызметтік жұмыс нәтижелеріне арналған кеңесте ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаев айтты. Тәртіп сақшыларының сөздерінше, былтыр өңірде қылмыс санын айтарлықтай азайтып, материалдық-техникалық базаны жаңартуға қол жеткізілген. Жиында сондай-ақ, бірқатар аудандық бөлім өкілдеріне үздік көрсеткіштер үшін грамоталар мен сыйлықтар табысталды. Кеңес жұмысына облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Солтүстікқазақстандық полицияның 2016 жылы атқарған  жұмысы туралы  кеңеске  қатысушыларды  облыстық ішкі істер департаментінің бастығы  Берік Біләлов  құлағдар етті.  Оның сөздеріне қарағанда, өткен жыл сәтті  болған, ең алдымен   барлық санаттағы  қылмыс санын азайтуға қол жеткзілген.   Былтыр 9031  қылмыс жасалған,  бұл 2015 жылмен салыстырғанда  11 пайызға  аз.

Пәтер  тонау,  мал және  ұялы телефон  ұрлығы азайған.  Қылмыстарды  ашу  көрсеткіші  66 пайыз болса, оның ішінде  87-сі  ауыр және  97-сі аса ауыр қылмыстар.   Осы көрсеткіштердің арқасында   жергілікті департамент  республика бойынша өңірлер арасында  көш бастап тұр. Бұған мықты  кадрлық құрам мен   материалдық-техникалық  база сеп болып отыр, дейді  полицейлер. Сондай-ақ, 2016 жылдан өз жұмысына бастаған  жергілікті  полиция қызметінің  жүйелі  жұмысы туралы айталды.     

Ішкі істер департаментінің құрамында  3 мыңға жуық адам қызмет етеді.  Тәртіп сақшыларының айтуларынша,  облыс аумағында  хұқық тәртібі мен  қауіпсіздікті  сақтау  мен полиция қызметінің  ашықтығын қамтамасыз  ету бағытындағы   жұмыстар жалғасады.    2016 жылы  Төтенше жағдай департменті атқарған іс-шараларды  оның  жетекшісі Павел Филиппов тізді. Төтенше оқиғалардың салдарын жоюға  республикалық   бюджеттен  1 млрд 300 млн теңге  бөлінген.  Былтырғы  су тасқыны   кезінде   тұрғындарды  апат салдарынан   қорғау  бойынша  барлық тиісті шаралар қолданылып,   құтқарушылардың  барлығы  жұмылдырылды, деді   Филиппов.  Енді  солтүстікқазақстандықтар  алдағы көктемге  дайындалуда.   Биыл да су  көп болады деп болжануда. 

Жиынға қатысқан  Ішкі  істер министрінің  орынбасары  Ерлан  Тұрғынбаев   облыс орталығының  су басу қаупі  бар  ықшам аудандарында  биыл  жағдай қайталанбай ма  сұрады.   Су өткізетін құрылғылар тазартылуда, дайындық жүргізіліп  жатыр, деді облыс  әкімі  Ерік Сұлтанов.   

Жедел-қызметтік жұмыс  нәтижелері туралы  қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің   бастығы  Бөкенбай Жүсіпов баяндады.   Сотталғандарды   еңбекке  тарту   қылмыстық-атқару жүйесінің ең өзекті мәселелерінің бірі екендігі жиында айрықша аталды. 2016 жылы  түзету  мекемелерінде  жазасын өтеушілердің  67 пайызы   жұмыспен қамтылған.  Қазіргі уақытта  225 адам  7 мамандық бойынша  оқытылып жатыр. Өз сөзінде,  ішкі істер министрінің  орынбасары   Ерлан Тұрғынбаев  СҚО ІІД  еліміз бойынша  алдыңғы қатарда келетінін айтты.  

Мұнымен қоса,    ішкі істер вице-министрі   айырықша  көңіл бөлінуі тиіс бірқатар  міндеттерді  атап өтті.   Яғни,  ұрлықпен  және  сыбайлас жемқорлық хұқықбұзушылықтарыммен күресті күшейткен жөн.  

Облыс әкімі  Ерік Сұлтанов  СҚО полицейлерінің   барлық жұмысы   азаматтардың   қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетті.  Бұл мақсатқа  бюджеттен  қомақты  қаражат  бөлінуде.  Оның  ішінде  нысандардың  материалдық-техникалық  базасын нығайтуға  ерекше.  

Өңір жетекшісі  сондай-ақ    су тасқыны кезіндегі   ІІД  мен  ТЖД қызметтерінің  бірлесе үйлесімді атқарған  жұмысын  атап өтті.   Ерік Сұлтанов биыл  өңір құтқарушыларының  да материалдық-техникалық базасы жаңартылады деді.  Өткен жылдағы жедел-қызметттік жұмыс  нәтижелері бойынша  ішкі істер органдарының   үздік  бөлімшелері жария етілді.   Оларға   грамоталар мен  бағалы сыйлықтарды   облыс әкімі  табыстады. Аудандар арасында  жамбылдықтар көш бастап тұр. Шал ақын  және  Уәлиханов аудандары да  үздіктер қатарында. 

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы   мамандарының да нәтижелі жұмысы атап көрсетілді. Жиын   соңында  ішкі істер  вице-министрі  Ерлан Тұрғынбаев  ІІД бастығы  Берік Біләловқа  ведомство жұмысының үздік  көрсеткіштері   үшін    құқық қорғау органдарында  адал және    лайықты  қызмет етудің символы – арнайы  жалауды табыс етті.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Универсиада - 2017. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская екінші алтын медалін жеңіп алды
15:07, 7 ақпан 2017
Универсиада - 2017. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская...
Толығырақ...
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
11:39, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиада-2017. Мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада жарыс жолына Денис Тен шығады
15:17, 3 ақпан 2017
Универсиада-2017. Мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада жа...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...