ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

Универсиада - 2017. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская екінші алтын медалін жеңіп алды

15:07, 7 ақпан 2017

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Қысқы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Вишневская төрт нысана көздеу айлағында тек бір рет қателесіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) төрт нысана көздеу айлағында үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті. 

Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін алып отыр. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
11:39, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиада-2017. Мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада жарыс жолына Денис Тен шығады
15:17, 3 ақпан 2017
Универсиада-2017. Мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада жа...
Толығырақ...
Универсиада-2017. Фристайлшы Юлия Галышева алтын жүлдеге ие болды
16:13, 2 ақпан 2017
Универсиада-2017. Фристайлшы Юлия Галышева алтын жүлдеге ие...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...