ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

АГРАРЛЫҚ БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ

21:20, 14 ақпан 2019

Ауыл шаруашылығы ертеден солтүстікқазақстандықтардың өмірінде маңызды рөл атқарып келеді және өңіріміздің жетекші салаларының бірі болып есептеледі. Мемлекеттің қолдауы арқасында, облыста бұл сала жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Дегенмен, мамандардың айтуынша, мал шаруашалығын әлі де дамытып, ет экспортын ұлғайту қажет. 

Дубровин ауылдық округінің аумағында егіншілікпен айналысатын 7 ЖШС жұмыс істейді.  48 шаруа қожалығы бар. 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қаржылық көмек 78 млн теңгені құрады. Шаруалардың көбі ірі қара малдың асыл тұқымды түрімен және оны тұқымдық түрлендірумен айналысады. Төрт түлікті сатып алып, шаруашылықты дамытуда мемлекеттің қолдауы зор. Мәселен, өткен жылы шамамен 80 қой алынса, биылғы жылдың өзінде әрбір бас үшін демеуқаржы төленуде.   

ГАЛИНА ШВЕЦОВА, ДУБРОВИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Өткен жылы 10 асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Бұл жеке қосалқы шаруашылық үшін алынғандар. «Агрофирма мамлютское қой, «Михайловское агро» ангус тұқымды ірі қара сатып алды. Биыл қой санын арттырмақпыз. 

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...