ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

21:12, 13 мамыр 2019

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры егін және мал шаруашылығын дамыту үшін өткен жылы  3.4 млрд теңгенің 700-ден астам несиесін  берген.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалының директоры Абылай Нұркеновтың айтуынша қордың несие қоржыны 14 жылыдң ішінде 6.2 млрд теңгені құрап, несие алушылар саны 2000-ға жеткен.  Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы 1.8 млрд теңгеге 600-ге жақын несие беріліп 700ден аса жаңа жұмыс орны пайда болды.500-ге жуық  адам өз ісін ашқан. Ол үшін 1,4 млрд теңге беріліпті. Көбіне жеңілдетілген несиені мемлекеттен Ғ.Мүсірепов,Қызылжар,Ақжар,Уәлиханов және М.Жұмабаев аудандарының азаматтары көп алған екен.

АБЫЛАЙ  НҰРКЕНОВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ»  АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- 2019 жылы 2,9 млрд.теңгеден аса қарыз беруді жоспарлап отыр, оның ішінде нәтижелі  жұмыспен қамту бойынша 1,4 млрд. теңге берілмек. Сыбаға бағдарламасы аясында 1400 ірі қараны сатып алуға қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз.

Баян Қасым, Зарина Макшаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...