ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ

14:40, 17 мамыр 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да академик Қазиз Тәшеновтың 90 жылдығына орай «жаралыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шарада Польша, Молдова, Беларусь, Ресей және ҚР барлық облыстарының ғалымдары тақырыпқа байланысты өздерінің ғылыми мақалаларын таныстырды. Конференцияға академиктің ұрпағы мен жақындары қатысты.

Қазис Тәшенұлы 1928 жылы СҚО Шал ақын ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Петропавлдағы темір жол мектеп-интернатында, содан соң мал дәрігерлік техникумында білім алады. Оқу озаты ҚазССР ғылым академиясының физиология институтында оқуын жалғастырады. Сол кезден бастап, Қазис Тәшетов өмірін физиология ғылымына арнайды. Ғалым «Күйіс қайыратын малдың асқорыту физиологиясы» «Сауын малының асқорыту бездерінің қызметі» сынды тақырыптарда диссертация жазған.

ШАЛАБАЙ ЖҮСИЕВ, Қ. ТӘШЕНОВТІҢ ІНІСІ, ҚР МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл кісінің қосқан дүниежүзілік ғылымға үлесі жоғарғы дәрежеде бағаланып, ол кісінің халықаралық гуманитарлық «Рыцарь» деген ордене де дейін бар. Ол кісі парламенттің мүеді деп де сайланған болатын. Академик Павловтың физиология жөніндегі ілімін арыөқарай жалғасытырп, осындай күрделі жұмытсармен айналысқан Қазақстанның ғалымы деп есептеуге болады.

Шараның басты көздегені агроөнеркәсіптік саланы кешенді дамытудағы ғылымның жетістіктері мен дамуын анықтау. Экологиялық-географиялық зерттеулер, химия саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері де конференция барысында сөз болмақ.

СЕРГЕЙ ПАШКОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Бұл шараны біздің университет дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы конференцияның ерекшелігі 7 мемлекеттің ғалымдары Польша, Молдова, Беларусь, Ресей және ҚР барлық облыстары тақырыпқа байланысты өздерінің ғылыми мақалаларын таныстырды. Бүгін жаратылыстану және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа зерттеулерге куә боламыз деген ойдамын.

Сонымен қатар, конференцияда жерлес академик Қазис Тәшенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, оның мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалар таныстырылды. Академик жарты ғасырға жуық өмірін осы салаға арнаған. Оның зерттеулері ТМД елдерінде де, шет мемлекеттерде де кең таралған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар