ШҰҒЫЛ! 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ

20:42, 12 маусым 2018

Айыртау ауданына қарасты Имантау елді мекенінде «ДзаУров» шаруа  қожалығы  жұмыссыз отырған 11 отбасын 100 бас үйрекпен қамтамасыз етті.   Агроқұрылымның  демеуіне  ие болғандардың бірі - Вячеслав Вайкер. Оның  жеке  шаруашылығында өсіріліп жатқан  түрлі малдың   қатарына енді  үй  құстары   қосылды. Тақырыпты Нұрбол Балғабеков жалғастырады.

Вячеслав Вайкердің  отбасы қорасындағы тауық, қой, ешкі, шошқаның  арқасында күн көріп отыр.   Жеке шаруашылықта  өсірілген  малдың  бір  бөлігін азыққа  пайдаланса,  артылған  ет пен сүтті,  май-қаймағын сатып, қаражат табады. 

ВЯЧЕСЛАВ ВАЙКЕР, ИМАНТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Түскен ақшаға отын, көмір мен жем-шөп сатып  аламыз.  Менде 3   шошқа, 50   тауық, сонымен қатар, 7   қой мен сауылатын ешкі бар. Жұмыс істей алмаймын. Әйелім 1-топтағы мүгедек. Көзі көрмейді. Сондықтан үй шаруашылығымен мен айналысамын.

Бірнеше апта бұрын  бұл  отбасын қолдау мақсатында  «ДзаУров» шаруа қожалығы Вайкерлерге  100   үйректі тегін берді. Вячеславтың сөзінше, олар көмек сұрамаған. Әйтсе де,  оның  артықтығы жоқ, дейді. Алдағы уақытта енді олар құс өсірумен айналыспақ.

ЛЮБОВЬ СЕРДЮК, ИМАНТАУ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Болашақта 79 адам құс шаруашылығымен айналысатын болады. ДзаУров шаруа қожалығымен өзара меморандумға қол қойдық. Олар әрдайым халыққа көмек қолын созады. Қазір 11 отбасы үйрекпен қамтылды. Қалғандарына да беріледі. Барлығы халық үшін жасалып отыр.

Көмекке  мұқтаж отбасыларға  демеу  көрсету облыс әкімі  Құмар  Ақсақалов  бекіткен    ауыл  тұрғындарын  жұмыспен қамту жөніндегі қосымша шаралар жоспары  аясында жүргізіліп жатыр. Айта кеткен жөн,  мұндай  қолдау   шаралары  тек  Солтүстік  Қазақстанда ғана қолға алынған.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ, Яна ГЛАДКОВА

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, ауыл шаруашылығы, құс өсіру

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ ҰН ҮГУ КОМБИНАТЫ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
20:33, 4 қазан 2018
МАМЛЮТ ҰН ҮГУ КОМБИНАТЫ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар