ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

АВСТРИЯДАН ҚАРА МАЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

20:50, 12 сәуір 2019

«Шаймерденов» ШҚ  мал басын тағы 500 бас қара малға көбейтті. Симентал тұқымды сиырлар Автриядан жеткізілді.  Осының бәрі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқасында мүмкін болып отыр. Асыл тұқымды бұл қара мал жақсы күтім көрсетілген жағдайда  күніне бір келіге дейін салмақ қосады екен.  

Австриядан келген бұл ірі қараны қарсы алу үшін  «Шаймерденов» ШҚ ұзақ, әрі тыңғылықты дайындалды. Оларға арнап жаңа қора салды. Асыл тұқымды ірі қара 5 күн бойы жол жүріп, енді міне жаңа орынға үйреніп жатыр. Шашруашылыққа барлығы  491 бас қара жеткізілді.  150 қашар мен 341 құнажын іріктеп алынды. Біріншілердің салмағы 350 келі болса, қалғандарының салмағы 465 келіге дейін жетеді. Симментал сиырлардың бір ерекшелігі күніне бір келіге дейін салмақ қосады. Етті бағыттағы бұл малды сатып алу үшін шаруа қожалығының басшысы Біржан Шаймерденов 443 млн. теңге қаражат жұмсады. Яғни біреуінің құны 950 мың теңгеге тең. Мал шаруашылықпен мұнда 10 жыл қатарынан айналысып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, симентал тұқымды ірі қара біздің өңірдің жем азығына, табиғи жағдайына  жақсы бейімделеді.  

БІРЖАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ШӘЙМЕРДЕНОВ» ШҚ БАСШЫСЫ

Шетелдік сиырлар талапқа сай 21 күн бойы карантинде болады. Жаңа орынға үйренгенше оларға ерекше күтім көрсетіліп, жағдай жасалады.   

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Аталмыш жоба «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландырылды.  Бұл мемлекеттік бағдарлама кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, мал басын тиімді арттыруға мүмкіндік береді.

РУСЛАН ТЮЛЬКИН, АГРАРЛЫ НЕСИЕЛІ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ НЕСИЕ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие жеңілдетілген пайызбен беріледі. Несиенің мерзімі - 15 жыл. Алғашқы 30 айда кәсіпкерлер несиені  өтеуден босатылады. Бұл мерзім оларға ірі қара малды өсіріп, төлінен пайда табуға беріледі. Мемлекеттік субсидиялаудың нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесі небары 4пайыз құрайды.   

Жалпы, Аққайың ауданында 19 мың мал басы бар. Мал шаруашылығымен 16 шаруа қожалығы айналысады.  

ЕРМЕК СОПАЯҚОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Аққайын ауданына берілген жоспар бойынша биыл біз 195 бас ірі қараны сатып алуымыз керек еді. Бағдарлама шарттары тиімді болған соң, бір ғана «Шаймерденов« шаруашылығы 491 бас симментал тұқымды сатып алды. Оған қоса,104 млн теңгеге мал шаруашылығында қолданатын  шырша атты кешенді сатып алу үшін несие беріледі. Өткен жылы ауданда мал-тауарлы ферма ашылды. 

Аудан жыл басынан 12 тонна ет экспорттады. Желтоқсанға дейін бұл көрсеткіш 95 тоннаға дейін жетеді. Ауданға мыңға жуық ірі қара жеткізілді. 2020 жылға дейін тағы 4 мың әкелу жоспарланған. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...