ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЧЕХИЯДАН 50 ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ

18:02, 15 сәуір 2019

Чехия елінен өңірге тағы бір табын асыл тұқымды мал әкелінді. М.Жұмабаев ауданы Сулышоқ ауылының тұрғыны Қайрат Жәнібек «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кәсібін жандандырып, мал шаруашылығын дамытуда. Жеңілдетілген несиенің көмегіне бірнеше рет жүгінген кәсіпкермен тілшіміз кездесіп қайтты.

Сулышоқ аулының тұрғыны мал шаруашылығын қолға алғанына 7 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында бірнеше рет мемлекеттік қолдаумен асыл тұқымды герефорд малын алып, көбейтсе, енді Чехиядан тағы 50  сиыр әкелді.  4 пайыздық мөлшерлемемен алған несиенің жартысын кәсіпкер мемлекет субсидиясы арқылы жабуды көзеп отыр.

ҚАЙРАТ ЖӘНІБЕКОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

- Қазір таналар біздің климатқа үйреніп, өздерін жақсы сезінуде. Әрі қарай да мал шаруашылығын дамыта бермекпіз. «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қорымен» бірнеше рет несие алдым, бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жақсы қолдау деп ойлаймын. Биыл мен 32 млн. теңгеге 50 бас мал әкелдім, алдағы уақытта тағы да аламын деп жоспарлап отырмын.

Жалпы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстағы филиалы былтыр 577 млн. теңгелік 15 жобаны қаржыландырған. Яғни асыл тұқымды 835 мал әкелінді. Қазіргі уақытта тағы да 8 өтініш келіп түскен.

АЙДАР ТӨЛЕЕВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ауыл шаруашылығы тауары өндірушілерін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелеу жұмысы жалғасуда. Келісім-шарт бойынша төрт түліктен бөлек, ауыл шаруашылығы техникаларын, басқа да құрылғыларды сатып алуға мүмкіндік бар. Қазір кәсіпкерлер Чехия мемлекетінен асыл тұқымда сиырларды сатып алуды жалғастыруда. Кәсіпкерлер бір басқа 605 мың теңге төлесе, оның 337 500 теңгесін мемлекет тарапынан субсидия ретінде алады.

Жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша кез келген азамат 4 пайыздық мөлшерлемемен 82 млн. теңгеге дейін 15 жылға жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастай алады.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...