ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

ЧЕХИЯДАН ІРІ ҚАРА МАЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

13:35, 28 ақпан 2019

Солтүстікқазақстандықтар ауыл шаруашылығы өнімін 2,5 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы – бұл мақсатты жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. Қызылжар ауданындағы мал шаруашылығы 90 бас ірі қараға көбейді. Кәсіпкер мемлекетік бағдарлама арқылы симментал тұқымды қара малды Чехия елінен әкелді. Толығырақ келесі сюжетте. 

Подгорное ауылындағы «Бат» ЖШС 2004 жылы құрылған. Егістік және жайылымдық алқаптары бар. Мал шаруашылығымен айналысуды 2011 жылы 20 бас ірі қарамен бастап,  уақыт өте келе 80-ге дейін мал санын ұлғайтқан. Енді кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасына қатысып,  Чехия елінен асыл тұқымды ірі қараны жеткізді.    

АМАН БҰРЛҰҚПАЕВ – «БАТ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ

- «Сыбағаның» поддержкасымен кредит алып, Чехия елінен мал әкеліп жатырмын 90 бас. Бір-бір бас тұрады 1400 евро, бағатын жер бар, үкіментке көп рахмет. Ақша береді, қолдайды.

Қызылжар ауданы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ғана ірі қараның санын биыл тағы 350-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

ӨМІРБАЙ ОМАРОВ  - ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- «Сыбаға» бағдарламасын орындаушы өте көп жұмыстар орындалып отыр. Жана атп өттіп бірінші 90 бас келді деп. Енді ТОО «Петерфельд-Агро» 512 басқа бүгін Есіл кредиттік шаруашылығы бойынша өтінімін жасап отыр. Сол Европадан 512 мал әкелуге. Осыған байлаысты біздің ауданның биылғ ы ет экспортын 120 тоннаға жоспары белгіленіп отырса, біздің ауданда бүгінгі таңда 23 тонна ет экспортқа жіберілді.

 «Сыбаға» бағдарламасы 15 жылға 4 пайыздық мөлшерлемемен несие алға мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш бағдарлама арқылы 2018 жылы солтүстікқазақстандықтар 15 жобамен 1040 бас ірі қара сатып алыпты. 

АБЫЛАЙ НҰРКЕНОВ  « АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ СҚФ ДИРЕКТОРЫ

- Биыл 3 жоба бойынша ірі қара жеткізілді.  Қазіргі таңда 5 жоба бойынша Чехия елінен қара малды әкелу жоспарда бар. Қалғандарын Ресей және Татарстан елдерінен сатып аламыз. 

«Бат» ЖШС өз ісіне жауапты жұмысшыларға мұқтаж, келем деушілерге өз кезігінде тек жұмыс беріп қана қоймай, тұрғын үймен және лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпек.

Жанбота Сентаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...