ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

ЕГІСТІК АЛҚАБЫ НАУҚАНҒА ДАЙЫН

21:08, 4 мамыр 2019

Көктемгі егіс науқанының басталуына санаулы күндер қалды. Аграрилер әзір. Техника да  сақадай сай. Қызылжар ауданындағы «Елім-Қызылжар» ЖШС  биыл дәнді және майлы дақылдарды, картоптан басқа да көкөністерді егіду жоспарлап отыр.

Шаруашылықтың егістік алқабы Қызылжар ауданының Архангельское ауылында орналасқан.  Аумағы 1100 гектарды құрайды. Бұған дейін майлы және дәнді дақылдар егіп, сондай-ақ картоп отырғызумен айналысты. Аграрилердің алдағы жоспарлары себілетін көкөніс алқабын  ұлғйатып , қойма салу.

ОЛЕГ ИВАНОВ, «ЕЛІМ-ҚЫЗЫЛЖАР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Картоп өсіргенде  бізде экологиялық таза өнім шығады. Тек қана органикалық, минералды тыңайтқыштар қолданамыз.  70-80 гектар жерге тұқым себеміз. Сәбіз отырғызу жоспарымызда бар. 2 гектар жерге қызылша егеміз.

Жайылым жер жеткілікті. Әрі мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп,  мал шаруашылығы да дамыған.  Аталмыш фермерлік қожалық жылқы өсіреді.  Алғашқы малды  2016 жылы «Құлан» бағдарламасы арқылы сатып алыпты. Қазіргі уақытта көбейіп, 85 бас жылқыға дейін жеткен. 

ОЛЕГ ИВАНОВ, «ЕЛІМ-ҚЫЗЫЛЖАР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жылқылар кез-келген шаруашылыққа қажетті жануар менің ойымша. Жазда жайлауға жібереміз. Жемдері, азықтары   барлығы бар. "Құлан "бағдарламасы өте тиімді, малды көбейтуге болады.

Бүгінгі таңда сондай ақ фермада 230 ірі қара мал бар. Оларды бағуға арналған  жайылымдық жердің көлемі 300 гектарды құрайды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...