ШҰҒЫЛ! ТҮРКИЯДА "МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ЖЫЛЫ" АШЫЛДЫ Толығырақ

Еңбек күні

18:00, 28 қыркүйек 2016

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - Еңбек күні. Бұл мереке 2013 жылы Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген болатын. Аталмыш мерекені аққайыңдықтар да атап өтті. Ондағы аграрлық колледж студенттері жергілікті серіктестіктердің біріне барып, ауыл еңбеккерлерін құттықтады.

«Еңбек күні» мерекесінің негізгі мақсаты: мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау. Қазіргі таңда, жұмысшы мамандықтардың қызығушылық тудыра қоймайтыны жасырын емес. Жастарды еңбекке баулу мақсатында Аққайың ауданындағы аграрлық колледж бірнеше агроқұрылыммен келісім жасасқан. Яғни, студенттер дуалды білім беру жүйесі бойынша сол шаруашылықтарда білімдерін шыңдайды. Екінші курс студенті Виктор Шитов болса, ауылшаруашылық тәжірибе станциясында комбайншының көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Техниканы әбден меңгеріп алған ол өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысады.

Студенттердің осы жерде тәжірибеден өтуі серіктестік үшін де тиімді. Себебі, мұнда кадр тапшылығы байқалады. Сондықтан, қолдарына диплом алған жас мамандарды жұмысқа қабылдауға қарсы емес.

Астықты жинап, оны бастырумен айналысып жүрген аққайыңдық диқандар үшін танап басында мереке ұйымдастырылды. Еңбек күніне орай аграрлық колледж студенттері оларға шағын концерт қойды. Мұнда алғаш рет келген бірінші курс студенттері комбайндарға мініп, техникамен жақынырақ танысты.

Аграрлық колледжде Аққайың, Тайынша және Мағжан Жұмабаев аудандарының жастары білім алады. Бүгінгі таңда тракторшы-машинист, газ-электр дәнекерлеуші және аспаз мамандықтарын 160-тан астам студент  меңгеріп жүр.

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДЫ ЖЕРЛЕРДЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛМАҚ
20:27, 1 ақпан 2018
АУЫЛДЫ ЖЕРЛЕРДЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ВЕНЕЦИЯЛЫҚ ЕГІЗДЕР» СПЕКТАКЛІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
21:25, 15 ақпан 2018
«ВЕНЕЦИЯЛЫҚ ЕГІЗДЕР» СПЕКТАКЛІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...