ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖЕМІСІ

17:52, 16 мамыр 2019

Сәкен Сейфуллин  атындағы Агроехникалық университет  ғалымдары Австриялық әріптестерімен бірігіп Қазақстанның табиғаты мен жер ландшафтына бейімделген жаңа егістік кешенін жасап шығарды. Алғашқы техника теріскейдегі  тәжірибелік станцияға жеткізіліп, сынақтан сәтті өтті. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Австриядағы Петтингер фирмасында құрастырылған бұл кешеннің ерекшелігі жерді қопсытып, тегістейді. Соның арқасында тұқым бір келкі салынады, әрі цифрлық бағдарлама арқасында тыңайтқыш себу мөлшері реттеліп отырады.  Бұған қоса, кешен  электронды басқару блогымен жабдықталған.    

МҮБАРАК АДУОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Бір жақсы қасиеті – өңдеу тереңдігі. Тұқым себер алдыңдағы өңдеу барысындағы алымы төмен болғандықтан  жанар-жағар майды жақсы үнемдейді.

Егістік кешеннің көлемі 9 метр қылып жасалнған. Бір мезгілде 5 түрлі  жұмыс істейді.

ЕРКІН ҚҰСМАҒАНБЕТОВ, МЕХАНИЗАТОР:

- Бұл техниканы  басқару жеңіл, бәрі кнопка. Бірнеше функцияны атқарады. Жерді жыртады, дән мен тыңайтқыш себеді, топырақты қопсытып, тырмалайды.    

Мамандардың айтуынша бұл техникаға сұраныс жоғары. Шетелдік кешендер қазір Европа мен Канаданың алқаптарында тиімді жұмыс істеп тұр.  Демек, біздің табиғат үшін де таптырмас құрал болмақ.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...