ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ОҚЫТАДЫ Толығырақ

Есіл ауданында жаңа шағын футбол алаңы ашылды

13:35, 12 қазан 2016

Есіл ауданының орталығы Явленка селосында тағы бір спорт алаңы пайда болды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 8 млн теңге қаржы бөлініп, елді мекенде жаңадан мини футбол алаңы салынды. Нысан салтанатты түрде ашылып, рәсімге аудан әкімі мен тұрғындар қатысты.

Есіл ауданының спортшылары жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп  жүр. Мұнда футболдан бірнеше команда құрылып, олар   облыстық сайыстарда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Алайда кіші топтағы балаларға стадионның үлкен алаңында ойнау ыңғайсыздау еді. Сол себепті «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданға  8 млн теңге бөлініп жаңа шағын футбол алаңы салынды. Нысан аудан әкімінің қатысуымен салтанатты  түрде ашылды.

Жергілікті балалар жаңа алаңда футбол ойнап та көрді. Енді футбол үйірмесіне қатыспайтындар да келіп жаттығамыз дейді.

Есілдіктер өз спортшыларын мақтан тұтады.  Зор жетістіктер әрине жақсы жаттықтырушылар мен ауданда спорттың дамуына бар жағдай жасалып жатқандығының арқасында – дейді ауылдықтар.   

Салтанатты шарадан кейін  жаңа алаңда жолдастық кездесу өтті. Селолық округтардың әкімдері, аудан әкімі аппараты мен мемлекеттік органдардың басшылары 3 топ құрып өзара футбол ойнады.

Әсель ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
15:00, 23 мамыр 2018
FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Толығырақ...
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРДІ АШУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
12:41, 23 мамыр 2018
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІ...
Толығырақ...