ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

Фитосанитарлар егістікте қоңыр татпен күресуде

21:15, 1 шілде 2016

Облыс аудандарының бірқатар алқаптарында қоңыр тат пайда болды. Дәнді дақылдар үшін қауіпті ауру жауынды ауа-райына байланысты шығып отыр. Қазір мамандар залалды аумақты басқа да ауруларға зерттеу үшін күнделікті мониторинг жүргізуді қолға алған.

Мамандардың айтуынша, бұрын дәнді дақыл ауруы егін пісер кезде пайда болады екен. Бидайда болатын қоңыр тат биыл егіс алқаптарынан жылдағыдан ерте анықталып отыр. Оған жауынның көптігі әсер етуде. Өімдіктерді зақымдау үшін оңтайлы температура 15-25 С, бірақ ауру 5-35 С температурасында да дамиды екен.

Есіл ауданында татты егістік алқапта маусымның 28-і анықтапты. Дер кезінде шара қолданбаса, ол өсімдікті шірітуі мүмкін. Сондай ақ бидайдың жетілуіне де әсер етеді. Таттың салдарынан қауыздағы бидай толмайды, ендеше, өнімнің шығымдылығы да біршама кемиді.

Ауруды асқындырмай дер кезінде анықтағандықтан, алқапты құтқаруға болады дейді фитосанитарлар. Тек шаруалар қажетті іс-шараларды қолданса болғаны.  Ол үшін ауылшаруашылық құрылымдары бидайды фунгицидпен дәрілеулері керек. Өйтпеген жағдайда, өнімнің 15 пайызына дейін жоғалтулары мүмкін.

Балжан БЕКМАҒАМБЕТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ
17:58, 15 қараша 2018
ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...
БИДАЙ МЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨСТІ
17:55, 12 қараша 2018
БИДАЙ МЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...