ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

КЕЛІСТІ ТІРЛІК

13:36, 1 шілде 2019

Мамлют ауданындағы ең ірі шаруа қожалықтардың бірі «Құландай» ЖШС Токарев ауылында орын тепкен. Мал және егін шаруашылығымен қатар айналысатын агроқұрылым сонау 1999 жылы құрылған. Серіктестік директоры өз ісін қорасындағы 27 ірі қарамен бастапты. Қазір мал басын 300 – дейін жеткізген.

Серіктестік негізінен сауын сиырға басымдық береді. Сондықтан шаруа қожалығында ірі қараның қара – ала түрі басым. «Құландайдың» егіс алқабы бар. Көктемде жер жыртып, дән сіңіреді, жазда отын-шөбін жинайды. Мұның бәрін атқаратын техникасы түгел. Оған қоса шауашылық жылқы баптаумен де айналысады. Серіктестік басшысының айтуынша қазір жайылымда 200 – ге жуық жылқы бар.

НЕБИЮЛА САҒЫНДЫҚОВ, «Құландай» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

- Сүт өндуріге басымдық берген себебіміз еттің бағасы бір қалыпты емес. Кейде қымбаттап, кейде арзандап отырады. Ал ақтың бағасы әрдайымжыл санап көтеріліп келеді. Өйткені сұраныс бар. Сүтті Молсоюз ЖШС – не тапсырамыз. Ақшасын күн сайын алып отырамыз.

Серіктестік басшысы елді мекен халқының, жұмысшыларының жағдайын жасап отыр. Мысалы төрт түлігіне жем, шөп, қыстық отынын дайыдап береді. Оған қоса ауылына орталықтандырылған су желісін тартыпты.

СОВЕТ ҚҰРҒЫНБАЕВ, НОВОМИХАЙЛОВКА СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Биыл өз қаражатынан 6 млн теңге бөліп ауылға 12 колонка орнатты. Енді жұрт таза ауыз судан таршылық көрмейді. Оған қоса тұрғындардың үйіне су желісін тартуға да қол қабыс болуда.

Ірі қара малдан көл-көсір пайда тауып отырған серіктестік болашақта сүтті бағыттағы сиырлардың санын жарты миллионға жеткізбек.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...