ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ

15:00, 26 маусым 2019

Новомихайловка Мамлют ауданындағы ең ірі ауылдық округтердің бірі. Мұнда 4 ЖШС, командиттік серіктестік жұмыс істейді, шаруа және ферма қожалықтары бар. "Құландай" ЖШС Токаревка ауылында орналасқан, ауыл шаруашылық құрылымы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылды көркейтуге және жергілікті халықтың өміріне көмек көрсетеді. Токаревка ауылының ең негізгі кәсіпорындарының бірінің қызметі туралы біздің сюжеттен біле аласыздар.

Ауылдық округ бойынша жалпы егіс көлемі 50 мың гектардан астам, оның 35 мыңына жаздық дақыл егілді. Бүгінгі таңда кейбір шаруашылықтар дәрілеуді екінші рет жүргізуде.  "Құландай" ЖШС 270 бас ірі қара және 3300 гектар жер бар.

НЕБИЮЛА САҒАНДЫҚОВ, «Құландай» ЖШС БАСШЫСЫ:

- Біз майлы дақылдарды себе бастадық, төртінші жыл рапс егеміз, биылғы жылы біз 300 гектар жерге ектік, 750 гектарға зығыр, бидайдың бір бөлігін, арпа септік.  Егер соя біздің өңірде бітік  өссе, онда біз келесі жылы да мұны егеміз.

Ауыл шаруашылық құрылымы мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланады және қаржы институттарының көмегімен өз машина паркін үнемі жаңартып отырады.Серіктестікте барлығы 25 адам жұмыс істейді.

МҰСА САҒАНДЫҚОВ, ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БРИГАДИРІ:

- Егіс науқанын белгіленген мерзімде аяқтадық, қазір техниканы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бізде ескі және жаңа техника бар, биыл егіс кешенін сатып алдық.

Егіс уақытында механизаторлар шамамен 200 мың теңге көлемінде жалақы алды, тегін тамақтанды. Сондай-ақ, ЖШС басшысы жұмысшыларына үйлерін жөндеуге, қысқа отын мен жем-шөп дайындауға көмек көрсетеді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...