ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ӘЗІРЛІК

15:24, 4 сәуір 2019

Көктемгі дала жұмыстарының басталуына аз уақыт қалды. Қазірден өңір аграрийлері тұқымдары мен техникаларын сайлап жатыр. Мысалы, Қызылжар ауданындағы «Якорь-ск» серіктестігі биыл  10 мың гектарға дән сіңірмекші. Жоспарланған шаруаны межелі мерзімінде тәмамдау үшін компания басшылығы бар техниканың ақаусыз жұмыс істеуіне аса мән береді.  

Агроқұрылымның машина-техника паркі үлкен. 20 автокөлік,  7 комбайн, 20 шақты трактор, топырақ қопсытқыш пен дән сепкіш агрегаттың бірнеше данасы бар.  Шеберхана жұмыс қызған.Жағалай қосулы тұрған электрдәнекерлеу аппартының, білдектің дыбысы естіледі. Жөндеу жасағы шаруларын аяқтауға шақ қалды. 

ҚУАНЫШ МҰХАМЕДРАҚЫМОВ, «ЯКОРЬ-СК» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ:

- Ауыл шаруашылығы техникасының ұсақ-түйегі көп. Әркім өзіне жүктелген жұмысты атқарады. Қыс бойы К-700 тракорларын жөндедік. Саймандарын жаңасына алмастырып, кей тұстарын дәнекерледік. 

Әр мекемеде өз ісіне адал жандар бар. Сондайлардың бірі Владимир Федоров -тәжірибелі қырнаушы. Әріптестері оның жөндеген техникасына ешбір сын таға алмайды екен. Владимир қанша жерден тәжірибелі болса да бірінші кезекте, қауіпсіздік ережесін қатаң ұстанады.

ВЛАДИМИР ФЁДОРОВ, ҚЫРНАУШЫ:

- Қазір мен топырақ қопсытушы агрегаттың дискілерін егелеп жатырмын.  Білдекте сайманның сан түрін қырнап жасаймын. Қолдан келмегеніне тапсырыс береміз. 

Білікті мамандардың ұқыптылығының арқасында ауыл шаруашылығы техникалары көп жылға шыдас беріп, алқаптарда жүйткіп жүр. Өз ісіне адал механизаторлар барда көктемгі дала жұмыстарының осы жолы да ойдағыдай өтеріне еш шүбә жоқ. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...