ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

14:19, 6 мамыр 2019

Облыс диқандары  көктемгі дала  жұмыстарын бастады. Осы орайда Мағжан Жұмабаев ауданының, Советское ауылында көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастырып өткізу туралы семинар-кеңес өтті. Өңірде  астық жинаудан көш бастап тұрғандардың қатарындағы «СК Агро 2050» серіктестігі биыл 3 мың тоннаға жақын  дәнді дақылдарды жинауды көздеп отыр. Жұмабаевтықтардың егіс науқанына әзірлігі туралы әріптесім Майгүл Сейілбек тарқатсын.

Өткен жылы  облыч аграрийлері 5,6 млн тонна астық бастырды.  Соңғы 6 жылда алғаш рет астық және бұршақ дақылдарының өнімділігі гектарына  18,2 центнерден артты. Диқандардың биылғы жылдан да күтері көп. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданындағы  «СК Агро 2050» ЖШС-і өндірілген мол өнімді Еуропа және Орта Азия мемлекеттеріне жөнелтпек.

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ, «СК АГРО 2050» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің серіктестік биылғы көктемгі егіс жұмыстарына жақсы әзірленді. жұмысшыларымыз алқапқа шықты. Жұмыс қарқынды түрде жүруде. Осы жылы егіс алқаптарының құрылымында біршама өзгерістер бар.  Жасымықты өсіру өте қиын болғандықтан, оны біршама азайттық. Сәйкесінше, майлы және дәнді дақылдарды көбейттік. Сонымен қатар, соя өсіруді қолға алғалы жатырмыз.Ол үшін арнайы техника әзірледік.

Қазіргі кезде серіктестікте 250 адам еңбек етсе, егу жұмыстарына арналған 15 егіс кешені бар. Мамандардың айтуынша алқапта басты жұмысты арнайы әрі сапалы техника атқарады. Осы орайда семинар-кеңесте «КАЗТЕХМАШ» Машина жасау зауыты» ЖШС өзінің Сампо астық жинайтын комбайні, «Кировец» тракторларын, егістік және топырақ өңдеу техникасын таныстырды.

ЖАНАТ ДҮЙСЕМБИНОВ, «КАЗТЕХМАШ» МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» ЖШС САТУ МЕНЕДЖЕРІ:

- Біздің серіктестік Петропавл қаласында 2015 жылдан бері сәтті жұмыс істепкеледі. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі фин өндірісінің «Сампо» астық жинау комбайндарын жеткізу және жинау. Сонымен қатар, біз «Кировец» тракторлары бойынша Солтүстік Қазақстанда Петербург трактор зауытының диллері болдық.  Азық дайындау техникасымен қатар «Кузбасс» егіс кешенін сату бойынша диллерміз. Бұл техника ауыл шаруашылық құрылымдарында үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі кезде Мағжан Жұмабаев ауданында 62 ЖШС және 280-ге жуық шаруа қожалығы бар.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі таңда аудан көктемгі егіс жұмыстарын бастап кетті. Барлық ауыл шаруашылық құрылымдар тұқыммен 100 % қамтамасыз етілді. Оған қоса бір жарым мың тонна элиталық тұқым сатып алынуда. Жанар-жағар май материалдарымен толық қамтамасыз етілдік. 12 мың тонна минералды тынайқыш сатып алынды.

Жалпы аудан биыл 260 мың га жуық астық егуді жоспарлап отыр. Соның ішінде, 95,8 мың гектар алқапқа  майлы дақылдар, 25мың гектарға жемазық, қалғанына картоп пен көкөніс егілмек.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...