ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

Күзгі дала жұмыстары басталды

13:40, 19 тамыз 2016

Мамлют ауданының шаруалары күзгі ораққа кірісіп кетті. Диқандар ерте піскен бидай мен майлы дақылдарды жығып жатыр. Ауданда бар 56 агроқұрылымның бірі, Новомихайловское 2003 ЖШС. Олар бүгінде егін алқабына комбайндарын шығарған.

Новомихайловское 2003 ЖШС; биылғы жылы 12 мың га жерге егін сепкен. Оның 3 мың га жері рапсқа, 2,5 мың га жеріне бидай себілген. Сонымен қатар, бұршақ, екпе қарамұқ та бар. Қазіргі кезде, шаруашылық, қолда бар техникасын ақырындап, ерте піскен егістікке шығарған. Бидай мен рапсты құлатып жатыр. Алдағы 2-3 күнде бастыруға да шығамыз дейді.

Жалпы аудан бойынша астық сақтайтын орындар дайын. Ол бір элеватор мен 72 шаршылықтағы, сыйымдылығы 112 мың тонна болатын кептіргіш орындар. Сонымен қатар, мамлюттықтар техникаларын да сайлап қойған. Аудан диқандары биыл  ауыл шаруашылығына керек  түрлі 66 техника сатып алыпты. Оның құны 606 млн теңгеден асады. Көпшілігі Қазагроқаржы қоры  арқылы лизингке алынған.

Бүгінгі таңда, шаруалар көпшілігі егінді жығуда. Кейін бастыруға шығамыз дейді. Күн райы болса, дала жұмыстарын 20-25 күн ішінде аяқтауды көздеп отыр.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ
17:58, 15 қараша 2018
ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...
БИДАЙ МЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨСТІ
17:55, 12 қараша 2018
БИДАЙ МЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...