ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК

13:03, 16 тамыз 2019

Ежелден халқымыздың азығы мен табыс көзі болған мал шаруашылығы  бүгіңгі таңда да еліміздің экономикасында маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Өңір фермерлері төрт түлікті асылдандырып, өнімділікті арттыру үшін алыс жақын шет елдерден жаңа тұқымдарын әкелуде. Сондай агроқұрылымдарының бірі Айыртау ауданындағы «Бабық–Бұрлық» ЖШС. Шаруа қожалығы сонау 2000 жылы 250  сиырмен өз кәсіптерін бастап, бүгінде ірі қара санын 1500-ге жеткізген.

Сиырлардың басым бөлігі жергілікті серіктестіктерден алынған. Шаруа қожалығында малды күтіп баптау үшін барлдық жағдай жасалған. Кең жайлау, жайлы мал қоралары бар, жемазық жеткілікті. Мұның барлығы төрт түліктің қолайлы жағдайды көбеюіне сеп.

СЕЙІЛБЕК МАХМЕТОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

- Жыл сайын алынатын төлдің 80-85 проценті ұрғашы бұзаулар. Оларды біз малдану үшін өсіреміз. Қазір қыстан қысылмай шығу үшін мол етіп жемазық әзірлеп жатырмыз. Сондай ақ суық түскенше мал қораларын жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Серіктестік 1999 жылы құрылған. Мұнда бүгінде 125 адам еңбек етіп, отбасын асырап отыр. Көбі ауыл тұрғындары. Ал күзгі орақ және көктемгі егіс науқаны кезінде қосымша тағы 30 жұмысшы жалданады. Серіктестік егіншілікті де жақсы жолға қойған. Мәселен  былтыр астық жинаудан рекорд орнатып республика бойынша өңір абыройын асқақтатты.

АМАНГЕЛДІ СЫЗДЫҚОВ, ЖҰМЫСШЫ:

- Егіншілікпен де жүйелі түрде айналысып келеміз. Астық шығымы жыл сайын жақсы болады. Жеріміз құнарлы, оған қоса түрлі минералды тыңайтқыштар сеуіп, өнім көлемін барынша молынан алуға тырысамыз.

Шаруашылық ет өнімдерін еліміздің басқа өңірлеріне саудалайды. Болашақта экспортқа бет бұруды да жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...