ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

17:58, 19 сәуір 2019

Облыс орталығында май өңдеу зауыты салынады. «Маслодел» ЖШС кәсіпорын құрылысын Петропавлда келесі жылы бастамақшы. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кәсіпкер Павел Селивановпен кездесіп, жаңа кәсіпорынның жобасымен танысты. «Маслодел»болашақта қазіргі сүт зауытының қуатын  арттыруды да жоспарлап отыр.

Қазақстанда қуаттылығы жағынан екіншіорында тұрған «Маслодел» сүт зауыты күніне 320 тонна өнім шығарады. Құмар Ақсақаловпен кездесуде серіктестіктің бас директоры Павел Селиванов сүт зауытының жаңа жобасын көрсетті. Келешекте өндіріс ошағаның қуаты артып, тәулігіне 250 тонна термизделген қаймақ өнімін өндіруді жоспарлап отыр. Яғни  қаймақбұзылмай 4 ай сақталады. Жұмыстың барлығы автоматтандарылған.

ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, «МАСЛОДЕЛ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жоба құны - 3 млрд 256 млн теңгені құрайтын болады.«Маслодел» ЖШС  бүкіл елді Солтүстік Қазақстан Облысының қаймағымен қамтамасыз етеді деген жоспарымыз бар. Бұл-біздің брэндіміз болады.

Кездесу барысында кәсіпкер облыс әкіміне тағы бір жобаны таныстырды.Ол-май өңдеу зауытының құрылысы. Кәсіпорын салынған жағдайда тәулігіне 1200 тонна өнімді өңдей алады. Жоба құны- 8,9 млдр теңгені құрамақ. Нәтижесіндежаңа135 жұмыс орны пайда болады. Жаңа жобаларды Солтүстік Қазқастан Облысының әкімі Құмар Ақсақалов қолдады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Павел Геннадьевич өте жақсы жобалар екен. Біз былтыр да осы тақырыпта кездескен едік. Иә, шыныменде сіз өндіретін тауарлардың барлығы сұранысқа ие. 2017 жылдың желтоқсан айында  3 млрд теңгенінің сүтке арналған тетра пак қондырғысы орнатылған еді. Жұмыс жүктемесі көбейді. зауытынызда барлық сүттің 49 проценті  қайта өңдеуден өткізіліп, түрлі өнімдер шығарылады. Енді оны 50 %-ке жеткізуіміз қажет. Сонымен қатар, елімізде өткен жылы 10 сүт тауарлы фермасы ашылды. Соның 4-і біздің облыста. Тағы 3-уібиыл қолданысқа беріледі. Мұнымен қоса, биыл астық өңдеуді арттырмақпыз. Қытайлықтар мен бірге жаңа жобаны бастап жатырмыз. Мұнда инвестиция көлемі шамамен  3 млрд теңгені құрамақ.

Айта кету қажет, май өңдейтін зауыттың құрылысы 2020 жылдың соңына қарай басталады деп жоспарланған.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар