ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙДЫ

17:54, 14 ақпан 2019

Былтыр теріскейлік диқандар 37 мемлекетке  жарты миллион тоннадан астам майлы дақылдар экспорттады.  Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп. Бұған соңғы уақытта  ауылшаруашылығы саласын әртараптандыру бойынша жүргізілген жұмыстар тікелей әсер етті. Тек былтырдың өзінде  946 мың гектар алқапқа зығыр мен рапс егіліп, миллион тоннаға жуық астық орылды. Ең бастысы нарықта майлы дақылдардың бәсі жоғары, диқандарға  өнімді өткізу мәселесі туындамайды. үкіметтің кеңейтілген отрысында ауылшаруашылығын әртараптандру туралы нақты тапсырма берген  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев солтүстікқазақстандық диқандардың еңбегін жоғары бағалаған  болатын. Тілшіміз жалғастырады.

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Бидай мен зығырды өсіруге жұмсалатын шығын мен күтім бірдей. Ал түсімі жер мен көктей. Мысалға мына бидайдың тоннасы 60 мың теңге болса, зығырдың нарықтағы құны тоннасына 120 мың теңгеден асады.

Былтыр бұл диқандар 8500 гектар алқаптан 200  мың тоннаға жуық майлы дақыл орып алды. Бұл теріскей өңірі үшін жақсы көрсеткіш. Еңбектің парқына нарқы сай келіп, шаруалардың табан ақы, маңдай тері ақталды. 

ЕРМЕК МАУЫТОВ, АГРОНОМ:

- Рапстан кейін келесі жылы біз бидай егеміз. Өйткені рапс бидай үшін күшті предшественник. Одан кейін лен егеміз. 2014 жылдан бері біз бір севообортты өттік. Пайда қандай? Мысалға биыл біз бір гектардан 23 центнер рапс алдық. Оның пайдасы қандай-  рапстан 150-160  мың теңге таза пайда көрдік бір гектардан.

2016 жылы облыста небары 512 мың гектар жерге ғана майлы дақылдар егілетін. Былтыр оның көлемі 2 есеге ұлғайды.  1 млн гектарға жуық алқаптан былтыр 941 мың тонна астық жиналды.

Ауылшаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы аграрлық саланы дамытуға басымдық беру керектігін айтты. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ақсақалов понял, что это лучше чем пшеницу выращивать. Солай ғой?  

- Солай, Нұрсұлтан Абишевич.

- Солай. Оның пайдасы көп екенін көрдің. Бағасын көріп отырмыз. Другим надо подумать.

Майлы дақылдарды өсірудің тағы бір ерекшелігі - бұл өнімге қашан да сұраныс жоғары. Заманауи технологияны пайдалана білсе, - шығымы артады. Ең бастысы зығыр мен рапстың нарықтағы бағасының жоғары болуына байланысты фьючерстік келісімшартты таңдайтындар көп.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...