ШҰҒЫЛ! 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ Толығырақ

МАЛ АУЗЫ КӨККЕ ТИДІ

20:56, 17 мамыр 2018

Биыл қыс ерте түссе де, жаз келуге асығар емес. Дегенмен, қыстан қысылып шыққан шаруа малының аузы көкке тиді. Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Атамекен–Агро - ШҰҚЫРКӨЛ» ЖШС  шет елден әкелінген ангус тұқымды қара малын да өріске қосты. Асыл тұқымды сиырлар солтүстіктің қытымыр қысынан қалай шықты? «Қызылжар» арнасының түсіру тобы шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан еді.  

 «Атамекен – Агро - Шұқыркөл» серіктестігі – Солтүстік Қазақстандағы асыл тұқымды малды ұрықтандырумен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі. Онда қазір 1260 бас ірі қара бар. Серіктестіктің жайылымы да осында. Көктің басы қылтия бастағанан-ақ шаруашылық ангус тұқымды сиырларды өріске жіберіпті. Жайылымдық жердің барлығы электр қуатының аз ғана мөлшері өтіп тұратын сыммен қоршалған. Сондықтан, мал оның сыртына шығып кете алмайды. Мал су ішетін скважина да бар. «Электр бақташының» жұмысына адам араласпайды.

АБЫЛАЙ БИТТІҒҰЛОВ, «АТАМЕКЕН –АГРО-ШҰҚЫРКӨЛ» ЖШС БАС МАЛ ДӘРІГЕРІ:

-  Қыс біз үшін сәтті өтті. Мал азығы жеткілікті болды. Жем-шөп сапалы болды. Оған түрлі қоспаларды араластырып береміз.

20-шы сәуірден мал төлдей бастады. 270 бұзау бар. Ангус  сиырларының төлі тез өсіп, жетіледі. Шаруашылық биыл орта сеппен 650-700 бұзау алуды жоспарлап отыр. Бірақ серіктестік басшылығы мал санын ары қарай өсіре алмайтынын айтады. Жайылымдық жер тапшылығы кедергі.

АРМАН АБАИЛДИН, «АТАМЕКЕН–АГРО-ШҰҚЫРКӨЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:     

- Бізде жайылым алқаптары жетіспейді. 4 мың гектар жеріміз бар. Бірақ оны толық пайдалана алмай отырмыз. Жайылым егіс алқаптарына жақын орналасқан. Бұл мәселені шешпей, мал санын көбейте алмаймыз.

Заманауи технологияларды шаруашылықта тиімді пайдалана білген серіктестіктің шығындары да азайған. Жайылым мәселесі шешілсе, серіктестік мал басын одан әрі көбейтпек. 

Ляззат САЛЫКОВА, Эльмира КӘЛЕНОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мал шаруашылығы

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ ҰН ҮГУ КОМБИНАТЫ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
20:33, 4 қазан 2018
МАМЛЮТ ҰН ҮГУ КОМБИНАТЫ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар